Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU университеттің академиялық қауымдастығына оқытушыларды шақырады

19.06.2026

«Алматы Менеджмент Университеті» (AlmaU) білім беру мекемесі 2026-2027 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының  бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

AlmaU – білім беру заманауи әлеммен бірге дамитын, ал оқытушы тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар тәлімгер, зерттеуші, академиялық өзгерістердің көшбасшысы және студенттер үшін жаңа мүмкіндіктердің бастамашысы болатын университет.

Конкурс келесі лауазымдар бойынша өткізіледі:

  • Professor;
  • Professor of Practice;
  • Associate Professor;
  • Assistant Professor;
  • Senior Lecturer;
  • Lecturer.

Қызмет бағыттары AlmaU-дың келесі мектептері мен институттарында ашық:

  • School of Digital Technologies and Economics;
  • Sharmanov School of Health Sciences;
  • Media and Film School AlmaU;
  • Менеджмент мектебі;
  • School of Social Sciences and Transformative Humanities;
  • Пәнаралық бағдарламалар орталығы;
  • Жоғарғы бизнес мектебі;
  • Кәсіпкерлік институты.

Университеттің түрлі білім беру бағдарламалары бойынша барлығы 144 бос қызмет бағыттары жарияланған.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 10 шілдеге дейін (қоса алғанда), сағат 17:00-ге дейін.

Қалай қатысуға болады?

Конкурсқа қатысу үшін онлайн-өтінімді толтырып, келесі құжаттарды қоса тіркеу қажет:

  • түйіндеме (CV);
  • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  • ғылыми дәреженің және (немесе) ғылыми атақтың бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
  • еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік және әдістемелік еңбектердің тізімі (бар болған жағдайда);
  • кәсіби, педагогикалық, ғылыми және өзге де қызметтегі жетістіктерді растайтын құжаттар (бар болған жағдайда);
  • AlmaU ішкі нормативтік құжаттарында көзделген өзге де құжаттар.

Сонымен қатар үміткерлер ұсыным хаттарды, сертификаттарды, марапаттарды, кәсіби жетістіктер туралы мәліметтерді, сондай-ақ олардың біліктілігін, тәжірибесін, ғылыми жетістіктері мен іскерлік беделін айқындайтын өзге де материалдарды ұсына алады.

Өтінім беру

Онлайн-өтінімді келесі сілтеме арқылы толтыруға болады: https://career.almau.edu.kz

Қажет болған жағдайда AlmaU конкурстық іріктеуді өткізу үшін қажетті қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұрату құқығын өзіне қалдырады.

Егер сіз студенттерді шабыттандыруға, академиялық ортаны дамытуға, ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға және жоғары білімнің болашағын қалыптастыруға ұмтылсаңыз, AlmaU командасының мүшесі болғаныңызға қуанышты боламыз!

 

 

 

 

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок