19 маусым күні AlmaU-де Израильдің Холон технологиялық институтының (Holon Institute of Technology, HIT) өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу гибридті форматта ұйымдастырылды: HIT президенті, профессор Эдуард Якубов талқылауға онлайн форматта қатысты, ал университет өкілдері Анатолий Коллминский мен Антуанет Леви AlmaU-ға жұмыс сапарымен келді. Анатолий Коллминский “Kazakhstan-Israel Technology & Innovation Bridge” құрылтайшысы, ал Антуанет Леви HIT Президенті кеңсесінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры және Еуразия мен Балқан елдері бағытының жетекшісі болып табылады.

AlmaU атынан кездесуге Жаһандық серіктестіктер жөніндегі проректор Шолпан Тазабек, Академиялық даму жөніндегі проректор Әсел Арын және Цифрлық технологиялар және экономика мектебі деканының халықаралық ынтымақтастық және аккредитация жөніндегі орынбасары Мөлдір Малшы қатысты.

Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру, ғылым және халықаралық академиялық ынтымақтастық салаларындағы өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын талқылады. Бірлескен білім беру бастамаларын дамытуға, профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығына, ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ инновациялар, кәсіпкерлік және цифрлық трансформация салаларындағы үздік тәжірибелермен алмасуға ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар AlmaU мен Холон технологиялық институты арасындағы серіктестіктің жоғары әлеуетін атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.