7–10 шілде аралығында Almaty Management University (AlmaU) қабырғасында Назарбаев Университетінің Кәсіпкерлікті зерттеу орталығы мен Қазақстан бизнес-тренерлері қауымдастығы ұйымдастырған «Абай философиясы арқылы бизнесті басқару» атты 3,5 күндік білім беру бағдарламасы өтті.
Бағдарлама кәсіпкерлерді, бизнес көшбасшыларын және түрлі сала мамандарын біріктіріп, заманауи басқару тәсілдерін Абай философиясының құндылықтарымен ұштастыруға бағытталды.
Оқу барысында қатысушылар басқарушылық құзыреттерін дамыту, бизнесті кеңейту және масштабтау стратегиялары, ESG қағидаттары, тұрақты даму және тәжірибеде қолданылатын басқару құралдары бойынша білімдерін толықтырды.

Сонымен қатар, бағдарлама кәсіби тәжірибе алмасуға, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және кәсіпкерлік қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

AlmaU өз алаңында кәсіпкерлік білімді, көшбасшылық мәдениетін және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған білім беру бастамаларын қолдауды және осындай маңызды іс-шараларды өткізуді жалғастырады.
