Құрметті AlmaU студенттері мен түлектері!
Сіздерді Қазақстан жоғары оқу орындарының 2026 жылғы Ұлттық институционалдық рейтингі аясында өткізілетін анонимді сауалнамаға қатысуға шақырамыз.
Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды. Дәл сіздердің кері байланыстарыңыздың арқасында білім беру сапасын, студенттік тәжірибені объективті бағалап, университетімізді одан әрі дамытуға мүмкіндік аламыз.
Егер сіз AlmaU студенті болсаңыз, сауалнамадан мына сілтеме арқылы өтіңіз:
https://hei.iqaa-ranking.kz/institutional/survey/start…
Егер сіз AlmaU түлегі болсаңыз, сауалнамадан мына сілтеме арқылы өтіңіз:
https://hei.iqaa-ranking.kz/institutional/survey/start…
Сауалнама толықтай анонимді, ал алынған нәтижелер тек рейтингтік бағалау жүргізу барысында жалпыланған түрде пайдаланылады.
Бірнеше минутыңызды бөліп, өз пікіріңізбен бөліссеңіз, алғысымызды білдіреміз. Сіздің дауысыңыз AlmaU-дың одан әрі дамуына және нығаюына үлес қосады 🍎