Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Freedom Insurance компаниясының магистратураға түсушілерге арналған гранттар конкурсының бірінші кезеңінің қорытындысы жарияланды

27.07.2026

Құрметті магистратураға түсушілер!

«Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша Freedom Insurance гранттар конкурсына қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Конкурстың бірінші кезеңі сәтті аяқталғанын хабарлаймыз.

Төменде конкурстың екінші кезеңіне – әңгімелесуге өткен қатысушылардың тізімі берілген.

Сілтеме:

Freedom магистратура 1 тур (қорытындылар)

  • Әңгімелесу өтетін күндер: 2026 жылғы 4–5 тамыз, сағат 10:00-ден бастап.
  • Әңгімелесулер MS Teams платформасында онлайн форматта өтеді.

🔗 Қосылу сілтемелері:

1-күн (04.08):
https://teams.microsoft.com/meet/429914887528133?p=1BaJQwSrJhlFvKsfvw

2-күн (05.08):
https://teams.microsoft.com/meet/495087348336584?p=HXbUQ3cxkqSGnmrdSc

MS Teams қосымшасын алдын ала орнатып, конференцияға сәтті қосыла алатыныңызды тексеруіңізді сұраймыз.

  • Байланыс сапасын, микрофон мен камераның жұмысын тексеру үшін белгіленген уақыттан 15 минут бұрын қосылуыңыз қажет.

Маңызды ақпарат!

  • Әр қатысушыға арналған әңгімелесу ұзақтығы шамамен 10 минутты құрайды.
  • Екінші кезең басталардан бірнеше күн бұрын әр қатысушының жеке қосылу уақыты көрсетілген әңгімелесу кестесі жарияланады.
  • Веб-камераны пайдалану міндетті. Комиссия әңгімелесу барысында қатысушыны толық көріп отыруы тиіс. Камера қосылмаған жағдайда II кезеңнен өту мүмкін болмайды.
  • Алдын ала тыныш жұмыс орнын, тұрақты интернет байланысын, жеткілікті жарықты, сондай-ақ дұрыс жұмыс істейтін микрофон мен камераны дайындаңыз. Автокөліктен, қоғамдық орындардан немесе бөгде шу мен байланысқа кедергі келтіруі мүмкін басқа орындардан қосылмауларыңызды сұраймыз.
  • Өздеріңізге белгіленген қосылу уақытын мұқият қарап шығып, кешікпеулеріңізді сұраймыз. Белгіленген уақытта қатыспау немесе кешігу әңгімелесуден өту мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін.
  • Егер MS Teams платформасына қосылуға қатысты техникалық мәселелер туындаса, оларды әңгімелесу күніне қалдырмай, қосымша мен құрылғылардың жұмысын алдын ала тексеруді ұсынамыз.
  • Әңгімелесудің жеке кестесі II кезеңге дейін бірнеше күн бұрын almau_edu ресми ақпараттық алаңдарында қосымша жарияланады.

Олимпиада нәтижелеріне қатысты барлық сұрақтар бойынша d.khazin@almau.edu.kz электрондық поштасына хабарласа аласыз.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок