Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Абай күні құтты болсын!

10.08.2026

Бүгін, 10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай аталып өтетін Абай күні.

Биыл қазақтың ұлы ойшылының туғанына 181 жыл толып отыр.

Абайдың мұрасы – әдебиетпен ғана шектелмейді. Оның философиясы адамды білімге, еңбекке, ізденіске, жауапкершілікке және үнемі дамуға үндейді.

Абай шығармашылығындағы маңызды ұғымдардың бірі – «Толық адам». Бұл – ақылын, жүрегін және қайратын үйлестіре отырып, білімге ұмтылатын, өзін дамытатын және қоғамға пайдасын тигізуге талпынатын тұлға. Бүгінде бұл идеялар AlmaU-дағы TOLYQ ADAM философиясымен үндеседі. Біз үшін білім беру – тек кәсіби маман даярлау емес, сонымен қатар саналы, жауапты және қоғамға пайдалы тұлға қалыптастыру.

Әрқайсымыз білімге ұмтылып, ойымызды дамытып, адамдық құндылықтарды биік ұстайық.

Абай күні құтты болсын!

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок