Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі: AlmaU мен Kazakh Tourism туризм мен білім беруді дамыту жолында күш біріктіреді

25.08.2026

2026 жылғы 22 тамызда TBEX Asia 2026 халықаралық конференциясы аясында (The Ritz-Carlton, Almaty) AlmaU атынан ректор Тимур Керимбекұлы Булдыбаев пен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ атынан Басқарма төрағасы Талғат Жанатұлы Ғазизов өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті.

Бұл келісім – білім беру, практикалық және зерттеу қызметі бағыттарында өзара ынтымақтастық тетіктерін жан-жақты қолдауға және дамытуға бағытталған маңызды стратегиялық әріптестік.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

Практика және интеграция: «Туризм және ивент-менеджмент» білім беру бағдарламасының студенттері үшін бірлескен жобаларды әзірлеу, тағылымдамалар, өндірістік практикалар және волонтерлік бағдарламалар ұйымдастыру.

Зерттеу базасы: Бірлескен экономикалық және әлеуметтік зерттеулер жүргізу, Қазақстан Республикасының туристік секторын дамытуға арналған талдамалық материалдар әзірлеу.

Ауқымды іс-шаралар: Негізгі салалық іс-шараларды, сараптамалық кездесулерді және бірлескен ғылыми бастамаларды ұйымдастыру.

Еліміздің жетекші кәсіпкерлік университеті мен туризм саласындағы басты ұлттық оператордың әлеуетін біріктіру жаңа буын кәсіби мамандарын даярлауға берік негіз қалайды!

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок