AlmaU Ғылым және коммерцияландыру басқармасы гранттық қаржыландыру конкурстарына өтінімдерді дайындау дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық тренингтер сериясын іске қосады.
Серияның алғашқы тренингі «Зерттеу идеясын мықты гранттық өтінімге қалай айналдыруға болады?» тақырыбына арналады.
Спикер – Жансая Темербулатова, PhD, Research Professor, School of Digital Technologies and Economics.
Тренинг барысында қатысушылар гранттық өтінімді дайындаудың негізгі кезеңдерін – зерттеу идеясын тұжырымдау мен оның өзектілігін анықтаудан бастап, өтінімді құрылымдау және күтілетін нәтижелерді ұсынуға дейінгі процесті қарастырады.
Тренинг практикалық жұмысқа бағытталған және гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуды, өздерінің зерттеу бастамаларын дамытуды және гранттық өтінімдерінің сапасын арттыруды жоспарлап отырғандар үшін пайдалы болады.
Күні: 18 қыркүйек
Уақыты: 11:00-13:00
Өтетін орны: AlmaU
Форматы: офлайн
Орын саны шектеулі. Қатысу үшін тіркелу міндетті – Тренингке тіркелу формасы
Серияның келесі тренингтері туралы ақпаратты қадағалаңыз. AlmaU-мен бірге зерттеу идеяларын қолдауға ие болып, практикалық қолданыс таба алатын жобаларға айналдырыңыз.
