Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU мен БҰҰ-Әйелдер құрылымы гендерлік теңдік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

11.09.2026

10 қыркүйекте AlmaU-да AlmaU мен Қазақстандағы БҰҰ-Әйелдер құрылымы (UN Women) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Құжатқа қол қою гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңіне жол ашты. Ынтымақтастық университеттің білім беру және институционалдық қызметіне гендерлік теңдік қағидаттарын интеграциялауға бағытталған.

Рәсімге AlmaU мен БҰҰ-Әйелдер құрылымының басшылығы мен өкілдері қатысты. Университет атынан меморандумға AlmaU ректоры Тимур Булдыбаев, ал БҰҰ-Әйелдер құрылымы атынан Орталық Азия бойынша Байланыс офисінің басшысы, Қазақстандағы БҰҰ-Әйелдер елдік офисінің өкілі Dr. Ceren Güven Güres қол қойды.

Іс-шараға сондай-ақ:

  • Даурен Токтаров – Гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі білім орталығының үйлестірушісі;
  • Айсулу Тойшибекова – коммуникациялар жөніндегі маман;
  • Shakilla Hassan – Гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі білім орталығының жобаларын сүйемелдеу маманы қатысты.

AlmaU атынан рәсімге:

  • Тазабек Шолпан Орынбасарқызы – халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор;
  • Кудайбергенова Рената Еркиновна – ғылым жөніндегі проректор;
  • Хайбуллина Жания Кабылбековна – Тұрақты даму орталығының директоры;
  • Сапаргалиева Айжан Жанисовна – Social Sciences and Transformative Humanities мектебінің деканы;
  • Акпаева Алия Марленовна – Халықаралық ынтымақтастық басқармасының директоры;
  • Липовка Анастасия Владимировна – Associate Professor;
  • Табаева Альмира Махсудовна – Research Assistant Professor қатысты.

Қол қойылған құжат тараптардың ұзақ мерзімді ынтымақтастықты мынадай бағыттар бойынша дамыту ниетін бекітеді:

— БҰҰ-Әйелдер құрылымының Гендерлік білім орталығы арқылы гендерлік теңдік мәселелері бойынша білім мен зерттеулерді дамытуға және таратуға AlmaU-дың үлесін арттыру;

— университеттің студенттік және жастар волонтерлік ұйымдарын гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған науқандарға, соның ішінде Орталық Азия альянсы, CHANGE, HeForShe және «Белсенді әрекеттердің 16 күні» бастамаларына тарту;

— Гендерлік білім орталығының білім беру материалдары мен кейстерін AlmaU оқу бағдарламаларына интеграциялау;

— әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою, әйелдер көшбасшылығын және гендерлік бағдарланған басқаруды дамыту сияқты БҰҰ-Әйелдер құрылымының басым бағыттары бойынша бірлескен жұмыс жүргізу және Тұрақты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі күн тәртібін қолдау.

Меморандумға қол қою гендерлік теңдік пен тұрақты даму саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашып, AlmaU-дың Қазақстанда БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі күн тәртібі қағидаттарын ілгерілететін алаң ретіндегі ұстанымын нығайтады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок