Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU мен UNIMAS Қазақстан – Малайзия білім беру ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтерді

30.09.2026

2026 жылғы 26 қыркүйекте Астана қаласында Бірінші Қазақстан-Малайзия университеттік форумы өтті. Форум екі елдің жетекші жоғары оқу орындары мен ұйымдарының өкілдерін біріктіріп, университетаралық тікелей байланыстарды нығайтуға, академиялық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ жаңа бірлескен бастамаларды талқылауға мүмкіндік берді. Форум Maqsut Narikbayev University (MNU) базасында ұйымдастырылды.

Форум жұмысына AlmaU-дың жаһандық серіктестік жөніндегі проректоры Шолпан Тазабек қатысып, университет атынан жоғары білім беру саласындағы халықаралық диалогтың маңызды алаңында өкілдік етті.

AlmaU қатысуының негізгі нәтижелерінің бірі – Малайзияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі Universiti Malaysia Sarawak (UNIMAS) университетімен Өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қою болды.

Меморандум AlmaU мен UNIMAS арасындағы академиялық ұтқырлық, бірлескен білім беру бастамалары, ғылыми–зерттеу қызметі және академиялық әрі кәсіби тәжірибе алмасу бағыттарындағы ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Келісімнің маңызы – AlmaU Форум аясында Universiti Malaysia Sarawak (UNIMAS) университетімен тікелей жеке ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған жалғыз қазақстандық университет болды.

Форум сондай-ақ Қазақстан мен Малайзия арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді. Негізгі бағыттар қатарында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, білім беру бағдарламаларын дамыту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту, сондай-ақ жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, инженерия, инновациялар және адами капиталды дамыту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанның 40-тан астам және Малайзияның 30-дан астам жоғары оқу орны арасында 80-нен астам ынтымақтастық туралы келісім жасалған. 2026 жылы 50-ден астам қазақстандық студент Малайзияның жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысты.

AlmaU үшін Форумға қатысу Малайзиямен халықаралық серіктестікті жүйелі түрде дамыту жолындағы кезекті маңызды қадам болды. UNIMAS-пен жаңа меморандум академиялық байланыстарды кеңейтуге және AlmaU студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктерді дамытуға негіз қалыптастырады.

 

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок