Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU нейромаркетинг және нейроменеджмент зертханасы QS Reimagine Education Awards 2026 сыйлығының қысқа тізіміне енді

30.09.2026

AlmaU білім беру инновациялары саласында халықаралық мойындауға ие болды: Нейромаркетинг және нейроменеджмент зертханасы QS Reimagine Education Awards 2026 – жоғары білім беру саласындағы ең беделді халықаралық сыйлықтардың бірінің – қысқа тізіміне кірді. Әлем бойынша университеттер мен EdTech-ұйымдар тапсырған 2 226 өтінімнің ішінен AlmaU жобасы жоғары білім беру және білім технологиялары саласындағы 1 634 сарапшыдан тұратын халықаралық қазылар алқасының төрт тур бағалауы бойынша үздіктердің қатарына іріктелді.

AlmaU нейромаркетинг және нейроменеджмент зертханасы – Қазақстан мен Орталық Азиядағы өз саласындағы бірінші және жалғыз зертхана – «Developing Emerging Skills & Competencies (Жаңа дағдылар мен құзыреттерді дамыту)» категориясында атап өтілді. Сегіз жыл жұмыс барысында зертхана бакалавриат және магистратура студенттерінің 200-ден астамын дайындады, оларға айтрекер, FaceReader және GSR (гальваникалық тері реакциясы) биометриялық жабдықтарын пайдалана отырып, қолданбалы зерттеулер жүргізу мүмкіндігін берді.

Жобаның ерекшелігі – секторлар аралық және ұрпақтар аралық білім беру ортасы: студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар мен бизнес өкілдері компаниялардың нақты міндеттері бойынша иық тіресе жұмыс істейді, биометриялық зерттеулер, эксперименттік дизайн, деректермен этикалық жұмыс және дәлелдерге негізделген маркетингтік шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады. Зертхана студенттері республикалық байқаулардың – ҒЗСЖ (НИРС) және РСПО – жеңімпаздары болды.

«Әлемнің үздік білім беру жобаларының қысқа тізіміне кіру – бүкіл университетіміздің: студенттеріміздің, зерттеушілеріміздің, оқытушыларымыздың және серіктестеріміздің еңбегінің растауы. Бұл мойындау нақты зерттеу міндеттеріне негізделген қолданбалы оқыту бүгін-ақ өңір үшін стандартқа айнала алатынын көрсетеді» – атап өтті Ақдана Абужалитова, AlmaU нейромаркетинг және нейроменеджмент зертханасының жетекшісі.

AlmaU 2 226-дан астам қатысушының ішінен қысқа тізімге іріктелген шамамен 550 ұйымның қатарына кірді. Желтоқсан айында QS Reimagine Education Awards 2026 жеңімпаздары Лондондағы халықаралық рәсімде жарияланады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок