
AlmaU-да гранттық қаржыландыру конкурстарына өтінімдер дайындауға арналған «Идеядан жобаға дейін»тренингтер сериясы жалғасуда.
Екінші тренинг аясында қатысушылар ғылыми жобаны сарапшы көзімен қарастырып, өтінімді бағалауға әсер ететін негізгі аспектілерді талдайды: мақсат, міндеттер, әдістер мен күтілетін нәтижелердің өзара сәйкестігі, мерзімдер мен бюджеттің шынайылығы. Жобаны іске асыру және мониторинг кезеңдерінде туындайтын мәселелерге де ерекше назар аударылады.
Спикер: Елизавета Сергеевна Витулёва, PhD, Research Professor, School of Digital Technologies and Economics AlmaU
Күні: 2026 жылғы 2 қазан
Уақыты: 15:00-17:00
Өтетін орны: AlmaU алты қабатты ғимаратының 1-қабатындағы Ғылыми оқу залы
Форматы: офлайн
Тіркелу: https://forms.gle/6zZc7YECwjuVE1Pf6
Тренинг зерттеушілерге, профессор-оқытушылар құрамына, докторанттарға, сондай-ақ гранттық қаржыландыру конкурстарына ғылыми жобаларын дайындап жүрген немесе ұсынуды жоспарлап отырған барлық қатысушыларға пайдалы болады.