AlmaU-да студенттер мен оқытушылардың экономист, дипломат, экономика ғылымдарының докторы, Франциядағы Қазақстандықтар қауымдастығының президенті Берлин Кенжетайұлы Иришевпен кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы – қазақ тамыры бар, соғыстан кейінгі Париждің танымал моделіне айналып, аты аңызға айналған француз сәнгері Кристиан Диордың музасы болған Алла Елшіннің тарихы.
Іс-шара аясында Алла Елшіннің тағдыры, Париждегі өмірі және француз сәні тарихындағы орны туралы баяндайтын «Алла – Dior-дың шығыстық інжу-маржаны» атты деректі фильм көрсетілді.

Фильм көрсетілімінен кейін Берлин Иришев кітап пен деректі фильмнің жасалу тарихымен бөлісіп, өзінің кәсіби және қоғамдық жолы, дипломатиялық қызметі, сондай-ақ Франциядағы Қазақстандықтар қауымдастығының президенті ретіндегі жұмысы туралы әңгімеледі.
Кездесу ашық сұрақ-жауап сессиясымен қорытындыланды. Студенттер үшін шетелдегі қазақстандықтардың тарихи жадын және мәдени мұрасын сақтау, сондай-ақ қазақ диаспорасы өкілдерінің жеке тарихтарының халықаралық мәдени диалогтың бір бөлігіне айналуы туралы ашық әңгіме ерекше қызығушылық тудырды.

Мұндай кездесулер студенттерге Қазақстанның шет мемлекеттермен кәсіби және мәдени байланыстары туралы түсініктерін кеңейтуге, қазақстандық диаспораның көрнекті өкілдерінің тарихымен танысуға және тарих, дипломатия, мәдениет пен заманауи медианың тоғысатын жаңа тұстарын табуға мүмкіндік береді.