
30 қыркүйекте AlmaU-да Малайзияның Борнео аралындағы Саравак штатында орналасқан жетекші мемлекеттік жоғарыоқу орындарының бірі – Universiti Malaysia Sarawak(UNIMAS) делегациясымен кездесу өтті.
Кездесу 26 қыркүйекте Астана қаласында өткен Malaysia–Kazakhstan Higher Education Forum аясында басталғанAlmaU мен UNIMAS арасындағы ынтымақтастықты оданәрі дамытуға бағытталды. Форум барысында екі университет өкілдері Малайзияның Жоғары білімминистрінің қатысуымен өткен өзара түсіністік туралы меморандумды ресми түрде алмасу рәсімінеқатысты.
AlmaU мен UNIMAS арасындағы меморандумалғаш рет өткен жылы қол қойылған болатын, ал Астанадағы рәсім тараптардың серіктестікті одан әрінығайтуға деген өзара қызығушылығын көрсетті.

UNIMAS делегациясының құрамында Prof. Dr. Ahmad Hata Rasit, UNIMAS вице-канцлері; Abdur Rahman Abdul Rahim, UNIMAS Holdings төрағасы; Syahrizan Junaini, UNIMAS Holdings бас директоры; Professor Dr. Puah Chin Hong, UNIMAS Business School бас директоры; Mohd Husaini Noorjaya Chew, вице-канцлердің арнайы кеңесшісі және Thian Foong Fatt, UNIMAS Global директоры болды.
AlmaU-дағы кездесу барысында екі университет өздерініңнегізгі қызмет бағыттары мен даму басымдықтарын таныстырып, білім беру және ғылыми-зерттеусалаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудің перспективаларын талқылады.

Кездесуде магистратураның бірлескен білім беру бағдарламаларын және қос дипломды бағдарламалардыіске асыру мүмкіндіктеріне, сондай-ақ бірлескен ғылымизерттеулер мен ғылыми жарияланымдарды дамытуғаерекше назар аударылды. Сонымен қатар академиялық мобильдік пен институционалдық ынтымақтастықтың басқада бағыттары талқыланды.
Universiti Malaysia Sarawak (UNIMAS) — 1992 жылықұрылған Малайзияның мемлекеттік университеті. Саравакштатында орналасқан университет бизнес және экономика, ақпараттық технологиялар, инженерия, әлеуметтік жәнегуманитарлық ғылымдар, медицина, коммуникациялар жәнебасқа да бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларынұсынады. UNIMAS халықаралық ынтымақтастықты, ғылыми зерттеулер мен инновацияларды белсенді түрдедамытып келеді.

Кездесу екі университет арасындағы тікелей байланыстынығайтып, білім беру, ғылыми зерттеулер жәнеакадемиялық мобильдік салаларындағы бірлескенжобаларды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін айқындауға жол ашты.