
Алматыда біз шын мәнінде немен тыныстап жүрміз? Ауаны кім ластайды және бұл мәселені шешу үшін не істей аламыз?
AlmaU Zertteu Talks жаңа кездесуінде Алматыдағы ауа сапасы, экологиялық мәселелерді зерттеуге арналған ғылыми зерттеулер, сондай-ақ жылдар бойы ғылыммен айналысып, гранттар үшін күресіп, ғылыми мақалалар жариялап, кәсіби қажуға ұшырамау туралы әңгімелесеміз.
Спикер – Насиба Байматова, PhD, химия саласындағы қауымдастырылған профессор, Environmental & Analytical Chemistry Laboratory зертханасының жетекшісі (Farabi Chem Science Cluster, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).
Кездесуде мына мәселелерді талқылаймыз:
- Алматы ауасы шын мәнінде немен ластанған?
- Ғылыми зерттеулер нені көрсетеді және қандай деректерге сенуге болады?
- Біз нені өзгерте аламыз?
- Зерттеулер, жарияланымдар мен гранттар жарысында өзіңді қалай жоғалтпауға болады?
Бұл дәстүрлі ғылыми дәріс емес, сұрақтар қоюға, пікірталасқа қатысуға, ой бөлісуге және пікірлес адамдармен танысуға болатын ашық әңгіме.
Күні: 2026 жылғы 27 қазан
Уақыты: 18:00
Өтетін орны: AlmaU Library, ғылыми оқу залы
Тіркелу: ZERTTEU TALKS #02 кездесуіне тіркелу
Қосылыңыздар!
Бірге ойлаймыз. Бірге дамимыз.