
29 қазанда AlmaU Менеджмент мектебінің «Логистика» білім беру бағдарламасының студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы «Көліктің цифрлық трансформациясы – болашақ көлігін бірге жасаймыз» тақырыбына арналған «KAZLOGISTICS» XIII Жастар көлік форумына қатысты.
Форум 11 команданы біріктіріп, жас мамандарға кәсіби білімдерін, аналитикалық қабілеттерін және көлік-логистика саласындағы өзекті міндеттерді шешуге деген шығармашылық көзқарастарын көрсетуге мүмкіндік берді. Байқау бағдарламасы үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар шығармашылық қойылымдарын ұсынып, зияткерлік сайыстарда білімдерін сынап, пікірсайыстарға қатысты.

Форумда AlmaU атынан «Логистика» білім беру бағдарламасының 3-курс орыс бөлімінің студенттері Исалиева Малика Ануаровна, Зейніл Гүлнары Талғатқызы және Макашева Сати Мухитовна өнер көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша студенттер кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейін, командалық жұмыс дағдыларын көрсетіп, университет намысын абыроймен қорғап, құрметті екінші орынға ие болды.
Команданың форумға дайындығына ғылыми жетекшілері – Менеджмент мектебінің оқытушылары Мурзабекова К.А. және Увалиева А.Б. жетекшілік етіп, студенттерге әдістемелік және кәсіби қолдау көрсетті.

AlmaU студенттер мен олардың ғылыми жетекшілерін лайықты жетістіктерімен құттықтайды! Жаңа жетістіктер, кәсіби өсу, тың идеялар мен толағай табыстар тілейміз!