
2026 жылғы 6 қарашада AlmaU мен Coventry University Kazakhstan арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Coventry University Kazakhstan тарапынан кездесуге келесі өкілдер қатысты: Илья Уразаков – басқарушы директор, Басқарма мүшесі; Айгерим Раимжанова – Алматы кампусының операциялық директоры; Мадия Оразхан – корпоративтік байланыстар бөлімінің аға менеджері; Алина Каким – бизнесті дамыту жөніндегі менеджер.

Кездесу барысында тараптар академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Coventry University базасында кәсіби және ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру мүмкіндіктерін қоса алғанда, өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады.

Меморандумға қол қою серіктестікті нығайтудағы маңызды қадам болып табылады және кәсіби тәжірибе алмасуға, академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.