Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU жаңа AlmaU Talks медиа-жобасын іске қосты

25.11.2026

AlmaU білім беру, қоғам, экономика және басқа да маңызды салалардағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға бағытталған жаңа AlmaU Talks медиа-жобасын іске қосты.

AlmaU Talks – білім беру, бизнес, ғылым, мәдениет және басқа да салалардың өкілдерімен сұхбат форматында өтетін AlmaU подкасты. Жобаның мақсаты – пікір, тәжірибе және идея алмасуға мүмкіндік жасау, сондай-ақ қоғамның дамуына ықпал ететін өзекті мәселелер мен үрдістерді талқылау.

AlmaU Talks подкастының алғашқы шығарылымы жоғары білім беру саласына арналған. Жобаның алғашқы қонағы – AlmaU ректоры Тимур Булдыбаев. Подкаст жүргізушісі – Майраш Тайкенова, стратегиялық коммуникациялар, бренд қалыптастыру және PR саласының қазақстандық маманы, AlmaU ректорының ақпараттық саясат жөніндегі кеңесшісі.

Сұхбат барысында Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің дамуы, халықаралық аккредиттеулердің университеттер үшін маңызы, сондай-ақ AlmaU жүзеге асырып жатқан негізгі жобалар мен бастамалар талқыланды. Сонымен қатар университеттің қалыптасу тарихына, студенттік өмірге және университеттік ортаның өзгеруіне ерекше назар аударылды. Тимур Булдыбаев жеке тәжірибесімен де бөлісті, әке болу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасылық құндылықтардың өміріне ықпалы туралы әңгімеледі.

Жобаның алдағы шығарылымдарында түрлі сала мамандары мен сарапшылар қатысып, өз тәжірибесімен, кәсіби көзқарасымен және өзекті мәселелер жөніндегі пікірлерімен бөліседі. Сонымен қатар студенттер мен түлектерді де алаңымызда кездестіреміз!

AlmaU Talks подкастының алғашқы шығарылымын AlmaU-дың ресми YouTube арнасынан көруге болады.

Сілтеме:

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок