АlmaU «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстардың республикалық конкурсын (ҒЗЖ) өткізуде базалық университет болып табылады.
Қазақстанның 6 жоғары оқу орнынан барлығы 10 жұмыс келіп түсті.
Студенттердің ғылыми жұмыстарын қарап, Алматы Менеджмент Университетінің (базалық университет) конкурстық комиссиясы марапатқа ұсыну туралы төмендегідей шешім қабылдады:
1 орын:
Алматы Менеджмент Университетінің студенті Дуйсенбаева Наргиза Мырзабекқызының «Қазақ тілін насихаттау үшін PR құралдары мен жұмсақ күшті қолдану» атты ғылыми жұмысы үшін, ғылыми жетекші: ф.ғ.д., профессор Шиндалиева М.Б.
2 орын:
Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Аманбекова Аружан Айдынқызының «Имидж университет брендінің атрибутивтік құрамдас бөлігі ретінде» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін, ғылыми жетекші: ф.ғ.к., қауымд. профессор Рамазанова Ж.С.
«Тұран» университетінің студенті Алдонгарова Амина Дулатқызының «PR жобалардың БАҚ-та көрініс табуы» тақырыбындағы ғылыми жобасы үшін, ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Курманбаева А.А.
3 орын:
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Алпысбек Нұрай Қанатқызының «ХХ ғасыр басындағы Абай мұрасының имиджі» тақырыбындағы жұмысы үшін, ғылыми жетекші: ә.ғ.м., аға оқытушы Алгалиева Г.С.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Топыш Зарина Айтпайқызының «Білім беру саласындағы PR-дың рөлі, қызметі мен ұсынатын PR-технологиялар. Әлеуметтік медиа кеңістігіндегі білім беру мекемесінің даму стратегиясы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін, ғылыми жетекші: ф.ғ.д., профессор Шыңғысова Н.Т.
Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Мұхтархан Жансая Рүстемқызының «Цифрлық жастардың медиатұтынуы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін, ғылыми жетекші: ф.ғ.к., қауымд. профессор Рамазанова Ж.С.
Барлық қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!