Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Босаған бос мемлекеттік білім беру гранттары

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

«Алматы Менеджмент Университеті» ББМ 2023–2024  оқу жылының көктемгі және жазғы семестрінің қорытындысы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос мемлекеттік білім беру гранттарын беруге конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Конкурс «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі. «F» бағалары бар оқушылар бос білім беру гранттарына ие бола алмайды.

Ақылы негізде оқитын және конкурсқа қатысуға ниет білдірген студенттер,  білім беру гранты бойынша одан әрі оқығысы келетіндер өзінің  GPA балын ашық қолжетімділікте жариялауға келісімін көрсете отырып, төменде көрсетілген құжаттар тізбесін дайындауы және құжаттарды электрондық пошта арқылы жіберуі тиіс r.ruziyeva@almau.edu.kz немесе құжаттарды студенттерді қолдау орталығына (кабинет-111) 23.07.2024 дейінгі мерзімде керек:

1) GPA балын ашық қолжетімділікте жариялауға келісімін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (жеке куәлікке сәйкес қатаң түрде ТАӘ жазу). Өтініш үлгісі 2-қосымшада келтірілген; 2-қосымша

2) сканерленген жеке куәлік  бір бетте;

3) Транскрипт (Тіркеуші кеңсе  береді. Білім алушы барлық бағалардың Hero-дан дұрыс ауыстырылғанын растауы қажет).

22.07.2024 кейін берілген өтініштер мен құжаттар қаралмайды.

** Алматы Менеджмент Университеті бойынша бос гранттар саны 1-қосымшада келтірілген. 1-қосымша

***Конкурсқа ақылы негізде оқитын және конкурс өткізу кезінде  пәндер бойынша академиялық қарызы жоқ студенттер қатыса алады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок