Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Тамара Дүйсенова мен Саясат Нұрбек AlmaU-да қонақта

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жоғары оқу орындарына барды.

Алматы Менеджмент Университетінде қабылдау комиссиясының алдына мектеп түлектері мен ата-аналар жиналған. Басқарудың қыр-сырын меңгеруді көздегендер грантқа қол жеткізу үшін құжаттарын ала келген. Оқу орнымен таныспаққа келген Тамара Дүйсенова олармен тілдесіп, тілектестігін білдірді.

 

Ал мұнда келуге мүмкіндігі жоқтарға виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді.

Ел арасында AlmaU атанып кеткен университет түрлі саладағы менеджерлерді дайындауда. Биыл мұнда Медиа және Кино мектебінің виртуалды өндіріс студиясы ашылған болатын. Ол студенттерге графика мен композицияны қолдана отырып, күрделі түсірілімдерді жүзеге асырудың тәсілдерін үйренуге және дамытуға мүмкіндік береді. Шынайы декорация, костюм және басқа да түсірілім элементтерін жасаудың орнына студенттер уақыт пен ресурс үнемдеп мұның бәрін виртуалды ортада жасай алатыны паш етілді.

Вице-премьер назарына сондай-ақ нейромаркетинг, нейроменеджмент зертханасы ұсынылды. Қарапайым азық-түлік дүкені ретінде жабдықталған бөлмеде клиенттер көбінесе неге назар аударатынын жазбай көрсететін құрылғылар қолданылуда. Осылайша кәсіп жүргізу кезінде қай тауарды қай жерге орналастырғаны дұрыс екені практикалық негізде анық байқалады.

Университет бірінші курс студенттеріне арналған «Tolyq Adam» бағдарламасын ұсынуда. Ол ұлы ойшыл Абайдың философиясына негізделіп, тәлімгерлерді тәрбиелеуге бағытталған.

Елді мекендерді дамыту сауатты урбанистерге тікелей байланысты. Университет қабырғасында салалық орталық жұмыс істейді. Тәжірибелі практиктер студенттерге урбанистиканың қыр-сырын нақты зерттеулер жүргізе отырып, меңгертуде. Мәселен ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры және «Целинный» заманауи мәдениет орталығымен бірлесіп студенттер Ақмола облысындағы ауылдарға зерттеу жүргізген.

Жоғары оқу орнының жұмысына жоғары баға берген вице-премьер университеттер алдында тұрған бірқатар міндеттерді атап өтті.

«Білім саласын жетілдіру бойынша бірқатар шаралар қолға алынып отыр. Техникалық және кәсіптік білім беру нысандарымен тығыз байланыс орнату маңызды. Колледжден кейін студенттерде университетте оқуын жалғастыру үрдісі жеңілдеуі қажет. Бұл жоғары оқу орнына да тиімді деп санаймын. Бұл жерде негізгі мәселе оқу бағдарламаларының сабақтастығында. Сондықтан, колледждермен қарым-қатынас орнатуда осыған мән берген жөн», – деді Тамара Дүйсенова.

 

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок