Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

«AlmaU Paidaly Podcast» – қа қош келдіңіздер!

Дана халқымыз ұдайы «Талпынған жетер мұратқа» деп талапты ұрпағын жігерлендіріп отырған. Бізде осы даналықты тірек етіп, «AlmaU Paidaly Podcast»-тың алғашқы шығарылымына қош келдіңіздер дейміз.

Біздің қонақтарымыз — бұл тек табысты кәсіпкерлер ғана емес, аймақтық бизнестің нағыз қаһармандары. Олар өз қалаларының экономикасын дамытып, халықты жұмыспен қамтып, жаңа буын кәсіпкерлерді шабыттандырады.

Бірінші шығарылымда:

  1. Аймақтық бизнес-ландшафтты өзгертіп жатқан көшбасшылармен танысасыз
  2. Табысты компаниялардың қалай құрылғанын, құлдырағанын және қайта көтерілгені жайлы кейстарды қарастырасыз
  3. AlmaU ЖБМ MBA бағдарламасы кәсіпкерлердің жетілуіне қалай көмектескенін білесіз

Бірінші шығарылымды біздің YouTube арнамызда тыңдаңыздар. Құнды идеяларды жіберіп алмау үшін жазылыңыздар.

Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы кәсіпкерлермен шағын және орта бизнес туралы, бизнестегі трендтер, өзгерістер, сондай-ақ Алматы мен Астананың өңірлік кәсіпкерлерінің ерекшеліктері туралы «AlmaU Paidaly Podcast»– да әңгіме құраймыз.

Бізге қосылыңыздар, ең қызығы алда.

Сілтемелер:

YouTube видео нұсқасы: https://youtu.be/Qwej-8Cla8Q

SoundCloud аудио нұсқасы: https://on.soundcloud.com/aDVLSkiNCwtArmVr7

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок