Академиялық адалдық-жазбаша жұмыстарды (бақылау, эссе, дипломдық, диссертациялық) орындау, емтихандарға жауап беру, зерттеу, өз ұстанымын білдіру, академиялық персоналмен, оқытушылармен және басқа да білім алушылармен қарым-қатынас жасау, сондай-ақ бағалау кезінде білім алушының оқудағы адалдығын білдіретін құндылықтар мен қағидаттардың жиынтығы.
Университетте “академиялық адалдық ережелері”атты ішкі нормативтік құжат қабылданды. Құжат Университеттің даму стратегиясына сәйкес әзірленді және білім беру үдерісіндегі академиялық адалдық қағидаттарын, білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді, академиялық адалдықты бұзу түрлерін және олар университетте жасалған жағдайда шаралар қабылдау тәртібін айқындайды.
2018 жылғы 4 қазанда М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің ректоры Нарикбаев Талғат Мақсұтұлы мен Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) ректорының м. а. Қанағатова Алмагүл Медихатқызының кездесуі кезінде “Академиялық адалдық лигасы”жоғары оқу орындары қауымдастығының құрылтай шартына қол қойылды.
Қауымдастық құрудың мақсаты академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілету арқылы білім сапасын арттыру болып табылады. Бұл қағидаттар 24 жоғары оқу орнының өкілдері қол қойған Академиялық адалдық лигасын құру туралы Декларациямен бекітілген.
Академиялық адалдық принциптері академиялық адалдықты түсіну мен қолданудың негізгі идеялары мен тәсілдерін түбегейлі бекіту ретінде қызмет етеді. Олар жоғары оқу орнының негізімен академиялық адалдықты бекітеді (1-қағидат), адал академиялық практика үшін қолайлы атмосфера құруды регламенттейді (3 және 4-қағидаттар) осындай жағдайлар жасау жөніндегі жұмыстың айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді және жоғары оқу орнының жауапкершілігін жүктейді (7,8,9 қағидаттары).
Принциптері:
1. Академиялық адалдық – лиганың әрбір мүшесінің, оның білім беру процесі мен зерттеулерінің негізгі құндылығы.
2. Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықтың нақты, әділ және объективті стандарттарын, дәйексөздер мен мінез-құлық ережелерін сақтайды.
3. Лиганың әрбір мүшесі академиялық және / немесе зерттеу мақсаттары үшін ұсынылған сипатына, мазмұнына және көлеміне қарамастан барлық жазбаша жұмыстарды плагиатқа міндетті түрде тексеруді қамтамасыз етуге жауапты.
4. Лиганың әрбір мүшесі білім алушының академиялық адалдық қағидаттары мен стандарттарын бұзғаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
5. Лиганың әрбір мүшесі оқу нәтижелерін әділ және объективті бағалау жүйесі шеңберінде білім алушыларға жоғары талаптар қояды.
6. Лиганың әрбір мүшесі үздіктерге өзінің оқуын аяқтауға ең жақсы мүмкіндік береді.
7. Лиганың әрбір мүшесі өзінің дипломымен расталған кадрларды даярлау сапасына жауап береді.
8. Лиганың әрбір мүшесі оқытушының Академиялық адалдық принциптері мен стандарттарын, өзара құрмет пен әділеттілікті сіңіретін тәлімгер ретіндегі жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
9. Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықты ілгерілету және қорғау білім беру ұйымдарындағы барлық білім алушылар мен қызметкерлердің өзара күш-жігерінің нәтижесі екенін мойындайды.
10. Лиганың әрбір мүшесі өзіне жүктелген міндеттемелерді, соның ішінде Лига қызметінің негізгі принциптерін адал орындауға міндеттенеді. Ол Жарғыға немесе Лига актілеріне, сондай-ақ Академиялық адалдық принциптері мен стандарттарына, соның ішінде Лига қызметінің негізгі принциптеріне сәйкес міндеттемелерді орындамағаны үшін ұйымнан шығарылуы мүмкін екенін түсінеді.
Сілтемелер:
Байланыс
Заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 614 кеңсе
Тел: +7 7172 703018
Эл. мекен-жайы: info@adaldyq.kz
Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.