Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Дат жазушысы Леонора Ван Деурс AlmaU университетіне «Ботай –көлеңке іздері» романын таныстыруға келді

04.09.2024

2024 жылғы 4 қыркүйекте Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) студенттері, оқытушылары және шақырылған қонақтары дат жазушысы Леонора Ван Деурспен кездесіп, оның «Ботай –көлеңке іздері» атты көркем романын жарық көргеніне куә болды. Жазушының Қазақстанға сапары қазақстандық зерттеуші Нұрбол Баймұхановтың жеке шақыруымен және Дания Мәдениет министрлігі қорының грантының арқасында жүзеге асты. Сапарды сондай-ақ AlmaU университеті мен «Қайсар» Қоғамдық Бірлестігі қолдады.

Леонора Ван Деурс роман жазуға шабытты Нұрбол Баймұхановтың «Equus: Жылқы тарихы» атты деректі фильмінен алғанын айтты, бұл фильм Қазақстанның ежелгі көшпелі халықтары туралы баяндайды.

«Equus: Жылқы тарихы»

Фильмнің продюсері Нұрбол Баймұханов түсірілім басталар алдында үш жылдық ғылыми – зерттеу жүргізілгенімен бөлісті. «Соңғы уақытта эволюция мәселесі көптеген адамдарды қызықтыруда, дәл біздің жерімізде алғаш рет жылқылар қолға үйретілгенін анықтадық. Бұл идея бізді канадалық режиссер және антрополог Найоби Томпсонмен бірге фильм түсіруге шабыттандырды. Біз тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл адамзатқа тиесілі бай тарихты көрсетуді мақсат еттік. Бұл тек бізді ғана емес, басқаларды да қызықтырғанын түсіну қуанышты. Осыған байланысты, біздің фильміміз бен зерттеуімізден шабыттанып, Данияда кітап шығарған Леонораға алғысымды білдіргім келеді», – деп атап өтті ол.

«Ботай –көлеңке іздері»

«Ботай – колеңке іздері» — Леонора Ван Деурстың алғашқы кітабы. Роман шамамен 6000 жыл бұрын, Энеолит дәуірінде, қазіргі Қазақстан аумағында, Еуразия даласының қақ ортасында өмір сүрген ежелгі Ботай мәдениетін терең зерттеулерге негізделген. Бұл мәдениет әлем қауымдастығы тарапынан жылқылардың алғаш қолға үйретілген орындарының бірі ретінде танылған.

Биылғы қаңтарда дат тілінде шыққан роман Еуропада өз оқырмандарын тауып үлгерді, оның бір бөлігі жергілікті мектептерге таратылды. Автор жақын арада кітаптың қазақ және орыс тілдеріне аударылатынына үміттенеді. Университет қабырғасында өткен кездесуде Леонора Ван Деурс, романның екінші бөлігінің шығуы туралы жоспарларымен де бөлісті, ол қазір осы жұмысымен айналысып жатыр. Осы мақсатта, ол Қазақстанға арнайы келіп, ботайлықтар мен алтайлықтардың ежелгі мекендерін өз көзімен көруді ұйғарған.

«Кітап жазып жатқанда, мен ДНҚ зерттеулерінің мәліметтерін және фотосуреттерді зерттедім, бірақ Қазақстанды өз көзіммен көрген емеспін. Енді, оны аралап көргеннен кейін, бұл елдің керемет қонақжай, әрі әдемі екенін сезіндім. Қазақстанның табиғаты мені таңғалдырды. Мен Астана, Семей, Өскемен, Павлодар, Бурабай және Лобаново ауылында болдым. Мен үшін ең маңыздысы Ботай мәдениетіне арналған ашық аспан астындағы музейді көру болды. Қазақстан бойынша саяхатымыз тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар өте қызықты өтті. Мұнда өткізген 10 күн ішінде мен жаңа спорт түрлерін байқап көрдім, ұлттық өнер мен тағамдармен таныстым. Бұл маған романымның екінші бөлімін жазу үшін материал жинауға өте көмектеседі», — деп бөлісті Леонора.

Жас жазушы Қазақстандағы саяхатын жалғастыруда. 6-12 қыркүйек аралығында Леонора Ван Деурс Іле Алатауына атпен саяхатқа аттанады.

AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева жазушының Қазақстанға келуіне AlmaU – дың қызығушылығын былай деп түсіндірді: «Біз Солтүстік Қазақстан облысы Лобаново ауылындағы «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжіне көмектесеміз. Колледж – табиғаты Бурабайдай әдемі «Имантау-Шалқар» курорттық аймағында орналасқан. Дәл осы жердің жанында ботай мәдениеті дамыған. Бір кездері колледж жабылып қалған болатын, бірақ екі жыл бұрын біз оған қайтадан ауыл шаруашылығы мен ішкі туризм салалары үшін мамандар даярлау мақсатында елеулі инвестиция жасадық. Осылайша, біз бұл аймақтың туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етуді көздеп отырмыз. Леонора Ван Деурстың келуі және оның кітабы осы жердің тарихи маңызы туралы айтуға көмектеседі. Осыған байланысты Нұрбол Баймұхановқа және біздің Даниядан келген қонағымызға тарихымыз бен мәдениетімізді насихаттаудағы күш-жігері мен үлесі үшін алғысымды білдіргіміз келеді».

Дат жазушысымен кездесу оны роман жазуға шабыттандырған Нұрбол Баймұхановтың фильмін көрсетумен аяқталды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок