Executive MBA GSB AlmaU және GSOM SPbU бірлескен бағдарламасы тыңдаушылар профилі бойынша әлемде 2-ші орында. Бұл осы оқу орындарында басшылық және басқарумен байланысты бағдарламалардың сапасы жоғары екенін көрсетеді.
Екі беделді оқу орны бірлесіп өткізетін бағдарлама тыңдаушыларға әртүрлі мәдени және экономикалық контексттерден кең ауқымды білім мен тәжірибе ұсынады. Бұл түлектерге бизнесті жүргізудің қыр-сырын көрсетіп, жаһанда болып жатқан өзгерістер шолу жасай отырып, өз кезегінде жұмыс берушілерге пайда әкеледі.
Executive MBA бағдарламасының тыңдаушылары бизнес-қоғамдастықта құнды байланыстар орнатуға мүмкіндіктері бар. Сәйкесінше жұмыс берушілер өз кезегінде басшылық лауазымдарға дарынды кандидаттарды табуға, іскерлік байланыстар мен серіктестіктерді дамыту мақсатында пайдалана алады.
Жалпы, тыңдаушылар профилі бойынша әлемде екінші орынға ие болу білім берудің беделі мен жоғары сапасының көрсеткіші. Бұл дегеніміз жұмыс берушілерге жоғары білікті және жаһандық көзқарастағы кадрларға қол жеткізуге мүмкіндік.
Сондай-ақ, Executive MBA GSB AlmaU және GSOM SPbU бағдарламасы Executive MBA — QS Executive MBA Rankings 2023 үздік әлемдік бірлескен бағдарламалар рейтингінде 24-орынға ие болды. Executive MBA – 2023 жылы «Joint» санатында рейтингке енген ТМД-дағы жалғыз бағдарлама.
«Кәсіби бизнес мектебі – бұл ең алдымен халықаралық мойындау және серіктестермен тығыз ынтымақтастық. AlmaU жылдар бойы үздік бизнес мектептерімен серіктестікте жұмыс істеп келеді. Басқа жағынан алғанда, кәсіби бизнес мектебі бағдарламалар циклін және пайдалы тренингтерді ұсыну арқылы жергілікті қоғамдастықтың дамуына көмектеседі. Сондай-ақ AlmaU аймақтардың дамуына да өз үлесін қосуда: Ташкент, Душанбе қалаларында біздің бағдарламаларымыз жүзеге асырылуда. MBA бағдарламасы бойынша 1000 адам білім алуда. Топ-менеджерлер, кәсіпкерлер бізге сенім артып, бізден білім алып жатыр», – деді AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева.
«QS Executive MBA рейтингінде бағдарламаның тұрақты позициясы AlmaU Жоғары Бизнес Мектебімен бірлескен Executive MBA бағдарламасының рейтингі дұрыс жолды таңдағанымыздың тағы бір дәлелі. Біздің бағытымыз – халықаралық ынтымақтастық, сапалы, объективті және жан-жақты білім беру, еркін диалог пен өзара қолдау көрсету. Біз үшін қазақстандық серіктестермен бірлесе әзірлеген бағдарламаның шын мәнінде қазақстандық және ресейлік білім нарығы үшін және жалпы халықаралық бизнес-білім беруді дамыту жолында құнды екені өте маңызды. Executive Profile («Тыңдаушылар профилі») номинациясында екінші орынды иеленуіміз ең алдымен тыңдаушылар деңгейінің жоғары, олардың білімі мен компанияларды басқарудағы тәжірибесінің мол екенін дәлелі. Яғни бағдарлама тыңдаушылары – тек тұрақты даму арқылы ғана табысқа жетуге болатынын түсінетін нағыз кәсіпқойлар», – деп атап өтті бағдарламаның академиялық директоры, Санкт-Петербург университетінің Жоғары менеджмент мектебінің қосымша кәсіптік білім беру бағдарламалары дирекциясы директорының орынбасары, Елена Скалон.
Executive MBA GSB AlmaU және GSOM SPbU бағдарламасы ТМД аймағындағы бизнес-білім берудің ерекше сапасын растайтын тамаша нәтижелерге қол жеткізді.
Академиялық декан Балжан Шилибекованың айтуынша, «Executive MBA бағдарламасының басты артықшылықтарының бірі – мұнда әртүрлі салада қызмет ететін аймақтардағы мамандарды бірігуі. Бұл бағдарламаның мазмұнын байытатын және әртүрлі іскерлік контексттерде құнды практикалық білім беретін бай және серпінді оқу ортасын жасайды».
Executive MBA бағдарламалары әлемнің түкпір-түкпірінен әртүрлі саладағы мамандардың басын қосады. Оларды бизнесті басқару саласындағы магистр дәрежелері, бизнесті жүргізу және стратегиялық басқару шешімдерін қабылдау тәжірибелері біріктіреді. Классикалық жоғары оқу орнының білімі мен 21-ші ғасырдың жаһандық экономикасы үшін кәсіби менеджерлерді дайындаудың инновациялық тәсілдерін үйлестіретін бағдарламалар бойынша 7 жылдан кем емес басқару тәжірибесі бар ірі және орта компаниялардың топ-менеджерлері мен иелері көшбасшылық қасиеттер мен басқарушылық құзыреттерін дамыта алады.
«Мен оқу барысында өзіме сенімділікті, процестерді талдау, командамен және серіктестермен жұмыс істеу қабілетімді дамыттым. Бұл бағдарламаға түспесем, мен жаңа білім мен дағдыларға үйренбес едім және достарымды – құрметті курстастарымды кездестіре алмас едім деп ойлаймын», – дейді «Ensto Kazakhstan» ЖШС бас директоры Андрей Жеребятьев. Ол 2023 жылдың басында «Executive MBA – Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық» бірлескен бағдарламасын тәмамдаған.
EMBA GSB AlmaU және GSOM SPbU бағдарламасы ТМД-дағы екі жетекші бизнес мектептерінің альянсы арасындағы синергияда жасалған білім беру өнімі. Барлық Triple Crown аккредитациясына (AACSB, EQUIS, ABMA) ие, ТМД-дағы бірінші бизнес мектебі болып табылатын Жоғары Менеджмент мектебімен стратегиялық серіктестік бағдарламаның нарықтағы сұранысын арттыра түсті.
2013 жылдан бері AlmaU Жоғары Бизнес Мектебінің MBA бағдарламалары AMBA жаһандық аккредитациясына ие. Демек MBA бағдарламаларының сапасының жоғары екенін жіне халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды. GSB AlmaU және GSOM 75-тен астам елдегі бизнес-мектептердің, яғни 285 бизнес мектебінің үздік 2%-на кіреді. GSB AlmaU және GSOM SPbU ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес және жоғары оқу орнынан кейінгі бизнес-білім берудегі үрдістер мен инновацияларға дамып келеді. Осылайша, аккредиттеу процесі инновацияларды ілгерілетуге осы міндеттемені көрсетеді және бизнес мектептерін жоғары деңгейде үздіксіз жетілдіруге шақырады.
Executive MBA бағдарлама қатысушыларының өтінім саны бойынша өткізілген 7-ші рейтинг алдыңғы нәтиижелерден асып түсті. Биыл 49 елден 227 бизнес-мектеп қызығушылық білдірген.
Алдыңғы бітірушілер жолын қуа отырып, 2023 жылы QS EMBA Rankings қатысушылардың рейтингі бойынша бірлескен бағдарламалар санатына Ұлыбритания, Франция, Америка Құрама Штаттары, Қытай, Гонконг, БАӘ, Испания, Оңтүстік Америка, Канада, Сингапур, Италия, Үндістан, Дания, Германия, Перу, Австрия, Бразилия, Норвегияда оқу орындары бар 28 Executive MBA бағдарламасы кірді.