2024 жылдың 27 қарашасында Almaty Management University – де «Erkin El» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Қолан Амановтың өмірбаяндық «Үрей» («Қорқыныш жүгі») романының тұсаукесері өтті. Іс-шара AlmaU Open Library өтті, кітапхана қабырғасы академиялық және шығармашылық қауым өкілдерін, студенттерді және жазушының туыстарын жинады.
Қолан Аманов (1932–2019) – белгілі қаржыгер, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисті, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Оның төрт көркем әдебиет кітабы, көптеген очерктері мен әңгімелері жарық көрген. «Үрей» романы 1930 жылдардағы қазақ халқының басынан өткен қиын-қыстау кезеңдердегі өмір сынақтарын, азаптары мен апаттарын бейнелейтін тарихи оқиғалардың маңызды айғағы болды. Автор трагедиялық тағдырларды өзінің өмірлік тәжірибе призмасы арқылы суреттейді.
«Бүгінгі күнгі Қолан Амановтың «Үрей» кітабын талқылаудың маңызы ерекше. Арамызда университетіміздің дамуына, Қазақстанның қаржы жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан AlmaU қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі отыр. Белсенді қоғам қайраткері, бүгінде әкесінің қызы болып, баба рухына тағзым етіп отыр. Бұл мұрагерлердің өз отбасының тарихын қалай сақтап, құрметтейтінінің бірден бір үлгісі», – деп AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева салтанатты түрде іс-шараны ашты.
Жанат Бердалина өз әсерімен бөлісті:
«Бұл күннің мен үшін маңызы ерекше, өйткені 27 қараша – әкемнің туған күні. Кітапты аударуды бастамас бұрын өткенмен байланысымды қалпына келтіріп, естеліктерді жаңғыртуға тырыстым. Оқиғаның тереңдігін сезініп, тарихи құжаттарды зерттеу үшін мұрағат пен бұрынғы ГПУ-дың ғимаратына бардым. Бұл кітап әкем туралы емес, мен туралы емес. Бұл халқымыздың басынан өткерген қасірет туралы. Әкемнің шәкірттерінің бірі бұл романды қайта басып шығаруды ұсынды, өйткені ол өмірлік оқиғалар мен 1930 жылдардағы шынайы тарихты көрсетеді. Бүгінде біз турбуленттілік, белгісіздік және заманауи әлемнің күрделілігі туралы жиі айтамыз, бірақ бұл кітап бізді төзімділік пен шыдамдылыққа үйретеді. Ол сынақтарға қарамастан, уақыт өте келе барлығы жақсы болатынын еске салады ».
Қолан Амановтың шәкірті Мұхамбедия Ақышев өз ойымен бөлісті:
«Бұл кітап қорқыныш туралы. Мазмұны қиын болғанымен, мұнда оқуға шын ықыласпен қарайтын жастардың келіп отырғанына қуаныштымын. Кітап не жайлы? Бұл бүкіл қазақстандықтардың соңғы жүз жылдағы тағдырын көрсететін бір отбасының тарихы. Өздеріңіз білетіндей, ашаршылық кезеңі туралы аз жазылған, тарихи материалдар іс жүзінде жоқ, өйткені Кеңес дәуірінде мұндай тақырыптарға тыйым салынған. Бұл өте қиын уақыт болды. Кітаптың өмірбаяндық сипаты оған ерекше тарихи мән беріп, сол оқиғаларды жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді».
AlmaU студенттері School of Transformative Humanities оқытушыларымен бірлесіп, қонақтарға өз тұжырымдары мен ой-пікірлерін ұсынып, кітапқа терең талдау дайындады. Іс- шараның сәнің AlmaU актерлік шеберлік мектебі дайындаған «Аждаһа жылдар» спектаклі толықтырды.
Оқиға 1930 жылдары Кеңес Одағы кезінде қазақ ауылында орын алған саяси-әлеуметтік тартысты суреттейді. Басты кейіпкер Есен ауыл өмірінің қиындығына төтеп беруге тырысады, бірақ оның әрекеті Кеңес өкіметіне қауіп төндіреді деп қабылданып, тұтқынға алынады. Құрбанқұлдың сатқындығы Есен үшін үлкен соққыға айналады. Спектакль сонымен қатар Дәулет пен Есеннің достығын, ауылдың қиын тұрмысын, билік пен халық арасындағы күрделі қарым-қатынасты ашады. Қойылым сатқындық, адалдық, күрес, әділетсіздік тақырыптарын да көтереді.
Болашақ актерлер өз рөлдерін тамаша сомдады. Эмоцияға толы көрілімде көбісі көз жастарын тыя алмады. Шараға қатысушылар кемел келешек құру үшін өткеннің қайғылы оқиғаларын еске алып, тарихты білу қаншалықты маңызды екенін атап өтті.