Almaty Management University негізі қаланғанына 36 жыл толуын атап өтті. Салтанатты шара 2024 жылдың 12 желтоқсанында университет қабырғасында этникалық қазақ стилінде ұйымдастырылып, «Алтын Шаңырақ – AlmaU 36 жыл» атауымен өтті.
Қонақтарды сән-салтанатпен безендірілген киіз үй күтіп алып, мерекелік алаңды қобыз үні мен қазақтың ұлттық оркестрінің әуендері кернеді. Декордан бастап қатысушылардың киімдеріне дейін дәстүрлі ұлттық нақыш айқын көрінді: тұмақтар, ұлттық оюлармен өрнектелген көйлектер мен қазақы қамзолдар еліміздің мәдени мұрасын айшықтады.
Мерекелік жиынды AlmaU президенті Асылбек Қожахметов ашты:
«36 жыл бұрын, жалдамалы пәтерде біз болашағымызды көрсететін девиз ойлап таптық, біз «өз-өзіңді басқару – бизнесті басқару – уақытты басқару» деген ұранды таңдадық. Қараңыздаршы, біздің шаңырағымыз қандай биікке көтерілді – жалдамалы пәтерден екі заманауи кампусқа дейін жеттік. Бүгінде AlmaU – өз ортасын өзгертетін, кәсіби мамандардан құралған, толыққанды университет. Түлектеріміз бен оқытушыларымыз Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосып, жеке жетістіктерін ортақ игілікке айналдырып келеді. Шаңырағымыз әрдайым білімнің күшіне сенетін жандарды біріктіре берсін».
AlmaU Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Еркін Татишев өз құттықтауын жеткізді:
«36 жыл – бұл үш кезең, жаңа трансформацияның бастауын білдіретін уақыт. AlmaU келесі даму стратегиясын белгілеп, жаңғыру жолына қадам басты. Асылбек Базарбайұлы университеттің дамуына зор үлес қосты: мыңдаған түлек еліміздің ірі компанияларында табысты еңбек етіп, AlmaU атағын асқақтатып жүр. Басқару – үздіксіз жаңа идеяларды, мүмкіндіктер мен шабытты іздеу процесі. Енді алда жаңа сынақтар тұр, және AlmaU оларды қабылдауға дайын. Бірге алға жылжиық, интеллектуалдар буынын тәрбиелеп, келесі жетістіктерімізді бірге атап өтейік».
AlmaU ректоры Гүлнар Куренкеева өткен жылдың жетістіктерін қорытындылап, маңызды нәтижелерге тоқталды:
«Бұл жыл AlmaU үшін ерекше жыл болды. Біз халықаралық аккредитациядан өттік, MasterCard Academy, Жібек Жолы мектебін аштық және инновациялар мен тұрақты даму бағытында көптеген бастамалар өткіздік. Бірақ ең бастысы – AlmaU-дың адамдары. Бүгін осы залда біздің студенттеріміз, оқытушыларымыз, түлектеріміз отыр – университеттің бүгіні мен болашағы. Біз бәрін сіздер үшін жасаймыз. AlmaU әрқайсыңызға жаңа мүмкіндіктер ашып, шабыт берсін».
AlmaU әрдайым даму мен өзін-өзі жүзеге асыру алаңы. Университет қызметкерлері түрлі жобалар, конференциялар, форумдар, мастер-кластар мен тренингтерге белсене қатысып, өз әлеуетін ашуда. Мерекенің шарықтау шегі AlmaU Awards салтанатты рәсімінде үздік қызметкерлер мен жобаларды марапаттау болды:
- Үздік қызметкер – Гаухар Амирова, Кәсіпкерлік және инновациялар мектебінің академиялық мәселелер бойынша бас менеджері.
- Үздік оқытушы – Анар Колушпаева.
- Құрметті атақтар:
Студенттердің үздік компасы – Қарлығаш Дәуренбекова.
Ең көп векторлы оқытушы – Камран Гусейнов.
Ең белсенді оқытушы – Перизат Сәлибекова. - Үздік команда – AlmaU Extension.
- Үздік мектеп – Кәсіпкерлік және инновациялар мектебі.
- Үздік жоба – AlmaU Open Library, MFS Production Lab (Медиа және кино мектебі), Syr qorǵany – sekseýil (Тұрақты даму орталығы мен Endowment AlmaU).
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа табыстар тілейміз!
Бүгінде AlmaU – жай ғана университет емес, ол студенттерді, оқытушыларды және серіктестерді біріктіретін даму философиясы. Жыл сайын жүзеге асырылатын жобалар AlmaU-ды білім беру саласының көшбасшысы ретінде нығайта түсуде.