2025 жылғы 7 ақпанда Экономика және қаржы мектебінде студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қонақ дәрісі өтті.
Іс-шараның арнайы қонағы Ольга Петюнина – қаржы және инвестиция саласының сарапшысы болды. Ол қатысушылармен өз тәжірибесімен бөлісіп, қаржыны басқарудың негізгі стратегиялары, инвестициялау әдістері және тәуекелдерді азайту құралдары туралы баяндады.
Дәріс барысында келесі маңызды тақырыптар қозғалды:
- Жеке қаржыны дұрыс басқару
- Тиімді инвестициялық стратегиялар
- Қаржылық тәуекелдерден және қарыздық жүктемеден қалай құтылуға болады
Студенттер белсенділік танытып, қызықты сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Әсіресе, практикалық кейстер мен нақты инвестициялық шешімдердің мысалдары үлкен қызығушылық тудырды.
Іс-шара жылы және өнімді атмосферада өтті, ал алынған білім қатысушыларға қаржылық жоспарлау мен инвестицияларға саналы көзқараспен қарауға көмектеседі.