2025 жылдың 4 ақпанында Экономика және қаржы мектебінде «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында «Виктория «СК»АҚ тәуекел-менеджмент басқармасының бас маманы Самбай Аружан қонақ дәрісін өткізді.
Дәрістің басты тақырыбы қаржы тәуекелдерін басқару, жеке және корпоративтік қаржыны жоспарлау, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің алдын алу тәсілдері болды. Самбай Аружан қатысушыларға тәуекелдерді басқару тәжірибесінен мысалдар келтіріп, қаржы сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды ұсыныстар берді.
Дәріс барысында студенттер ерекше белсенділік танытты. Тақырып студенттер үшін өте қызықты әрі пайдалы болды, ал дәріс қаржы саласындағы өзекті мәселелерді түсінуге және кәсіби кеңестер алуға мүмкіндік берді.
Бұл дәріс студенттер үшін тәжірибе мен білім алмасудың құнды алаңына айналып, олардың қаржы мәселелеріне деген көзқарасын кеңейтті және кәсіби дамуға ынталандырды.