Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Қайрат Боранбаев AlmaU студенттеріне ФК «Қайрат» даму стратегиясын таныстырды

21.02.2025

2025 жылдың 20 ақпанында Almaty Management University-де (AlmaU) студенттердің «Алмалы» холдингінің негізін қалаушы, «Қайрат» футбол клубының президенті және Қазақстан Республикасы Паралимпиадалық комитетінің президенті Қайрат Боранбаевпен кездесуі өтті. Кездесу студенттермен ашық диалог форматында «Футбол клубын басқару. «Президенттің көзқарасы».

Дәріс барысында Қайрат Боранбаев білімнің рөліне ерекше назар аудара отырып, «Қайрат» ФК даму стратегиясымен таныстырды. Ол кәсіби спортшыларды дайындаумен қатар, Қазақстанның білімді, патриот азаматтарын тәрбиелеуге бағытталған Клуб академиясының миссиясы туралы айтты. «Білімді адам қашанда сұранысқа ие. Білімнің негізін дұрыс қалау маңызды. Біздің академияда біз, ең алдымен, оқу мен спортты табысты ұштастыратын Қазақстан азаматтарын тәрбиелеп жатырмыз», – деді ол.

Клубтың әлеуметтік жауапкершілігі бөлек бөлімде талқыланды. Атап айтқанда, Қайрат Боранбаев «Blind Football» жобасы – көру қабілетін жартылай немесе толық жоғалтқан адамдарға арналған футбол жарысы бағдарламасы туралы айтты. Жазғы Паралимпиада ойындарының ресми бағдарламасына енген бұл жобаны Қазақстанда алғаш рет ФК «Қайрат» бейімдеген.

Дәріс динамикалық және интерактивті атмосферада өтті. Студенттер мен қонақтар тек футболға ғана емес, кәсіпкерлік саласына да қызығушылық танытқан сұрақтарын қойып, белсенділік танытты. Кездесу соңында Қайрат Боранбаев университетке «Қайрат» ФК-ның AlmaU жазуы бар фирмалық жейдесін сыйға тартты, өз кезегінде университет тарапынан «Секреты успеха Jūrttyñ balasy» атты мотивациялық кітап пен фирмалық тауарлар сыйға тартылды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок