12 наурыз 2025 жылы AlmaU-дың MBA және DBA бағдарламаларының оқытушысы, бизнес-тренер Марина Новоточина беделді People Awards EXPERT 2025 сыйлығына ие болды. Ол «Бизнес-тренерлер үшін ұстаз» аталымында AlmaU Extension бағдарламасы аясындағы «Тренерлерге арналған тренинг» жобасымен жеңіске жетті.
People Awards – заманауи бизнес, кәсіби білім беру және басқару саласының дамуына үлес қосқан мамандар мен ұйымдарға берілетін жыл сайынғы сыйлық. Бұл марапат дарынды кәсіпқойларды анықтауға, қолдауға және олардың жетістіктеріне назар аударуға бағытталған.
Марина Новоточина – география ғылымдарының кандидаты, DBA, сертификатталған коуч, «CEO Consult» компаниясының директоры, сондай-ақ Ресей Федерациясы Үкіметі басшылығындағы «Ресей Президентінің атындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы» басқару және ұйымдық даму жөніндегі кеңесшісі дипломының иегері.
Марина Новоточина жеңіске жеткен «Тренерлерге арналған тренинг» бағдарламасы бизнес-тренерлер мен оқытушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға арналған. Ол қатысушыларға заманауи оқыту әдістерін меңгеруге және білім беру саласындағы шеберліктерін жетілдіруге көмектеседі.
People Awards EXPERT 2025 деңгейіндегі марапат бағдарламаның маңыздылығы мен жоғары кәсіби деңгейін растайды. Марина Новоточинаны лайықты жеңісімен құттықтаймыз және бизнес-білім беру саласында жаңа жетістіктер тілейміз!