Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU International Olympiad қорытындысы: 16 жеңімпаз 100% грантқа ие болады

09.04.2025

Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Қазақстанда білім алуға мүдделі шетел азаматтары үшін ұйымдастырылған AlmaU International Olympiad өз мәресіне жетті. Олимпиада әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды талапкерлер үшін өз білімін, ынтасын және Қазақстанда оқуға деген құштарлығын көрсетудің маңызды мүмкіндігі болды.
Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші тур – онлайн өтінім – 19 ақпаннан 31 наурызға дейін өтті. Қатысушылар сауалнаманы толтырып, құжаттар пакетін, оның ішінде қосымшасы бар аттестатты, төлқұжатты, мотивациялық эссені, егер бар болса, жетістіктер мен ағылшын тілін білу сертификаттарын қоса тіркеу қажет болды. Құжаттар бойынша іріктеуден кейін талаптарға сай келгендер екінші турға қатысуға жіберілді – олар 1-8 сәуір аралығында университет өкілдерімен онлайн сұхбаттан өтті.
Олимпиадаға 658 адам тіркелді. Бірінші турдың қорытындысы бойынша сұхбатқа 37 қатысушы жіберілді. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша 16 адам жеңімпаз болып танылды, оларға AlmaU оқуға 100% грант бөледі. Тағы 10 қатысушы білім беру бағдарламасына 50% жеңілдік алады.

Нәтижелермен сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: International Olympiad 2025

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок