Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Мейрамхана ісі, қонақүй бизнесі және туризм бағыттары бойынша «24/7» атты IX студенттік олимпиадасына қатысуға шақыру

24.04.2025

Қонақжайлылық және туризм мектебі Сізді мейрамхана ісі, қонақүй бизнесі және туризм бағыттары бойынша өтетін «24/7» атты IX студенттік олимпиадаға қатысуға құрметпен шақырады.

Олимпиаданың тақырыбы: «Болашақтың туризмі мен қонақжайлылығы: цифрлық технологиялар және тұрақты даму»

Олимпиаданың мақсаты: Дарынды студенттерді қолдау және Қазақстандағы қонақжайлылық индустриясының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Олимпиаданың форматы мен кезеңдері:

I кезең – Онлайн іріктеу:

Командалар келесі тақырыптар бойынша стартап-жоба ұсынады:

  • Қонақжайлылық саласындағы стартаптар (ББ РДҚБ);
  • Туризм саласындағы стартаптар (ББ Туризм).
    Жоба электронды форматта ұсынылады.

II кезең – Жобаларды қорғау:

Стартап жобаларды сарапшылар алдында бетпе-бет таныстыру.

III кезең – Кейс талдау:

Туризм және қонақжайлылық саласындағы өзекті мәселелерді шешуге арналған практикалық тапсырма.

Қатысу шарттары:

  • Команда құрамында 3 студент және ғылыми жетекші болуы тиіс;
  • Бір жоғары оқу орнынан тек 1 команда ғана қатыса алады;
  • Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Өтінімдер 2025 жылғы 12 мамырға дейін қабылданады.

Сұрақтар мен өтінімдер үшін электрондық пошта: sht.konkurs@gmail.com

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок