Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

«Ресторан ісі және қонақүй бизнесі» бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада

24.04.2025

Алматы Менеджмент Университетінің «Қонақжайлылық және туризм» мектебі Қазақстан Республикасының ЖОО студенттік командаларын «В093 – Ресторан ісі және қонақүй бизнесі» білім беру бағдарламалары тобы бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады.

Олимпиаданың форматы мен кезеңдері:

I кезең – Тіркелу және кіріспе тапсырма
2025 жылғы 12 мамырға дейін қабылданады:

  • Қатысуға өтінімдер;

  • Тақырып бойынша бейнепрезентация немесе бейнеролик:
    «Клиенттік тәжірибе – ресторан ісі мен қонақүй бизнесі саласында ұмытылмас әсер қалыптастыру»;

  • Олимпиада ережесі мен шарттарына сәйкес қажетті құжаттар топтамасы.

II кезең – Жобалық жұмыс
2025 жылғы 22 мамыр
Тақырыбы:
«Цифрлық виртуалды қонақүй/мейрамхана жасау: тұжырымдамадан клиенттік тәжірибеге дейін».

III кезең – Топ капитандарының байқауы
2025 жылғы 22 мамыр
Тапсырма: Қонақүй бөлмелерін жабдықтау стандарттары мен талаптарын тексеру.

IV кезең – «Лимонад симфониясы» шығармашылық байқауы
2025 жылғы 22 мамыр
Тапсырма: Сарапшылар тапсырмасы бойынша авторлық лимонад жасау.

V кезең – Интеллектуалдық викторина
2025 жылғы 23 мамыр
Тақырыбы: «Қонақүйге орналастыру кезіндегі SOP стандарттары».

Қатысу шарттары:

  • Олимпиада өткізу тілдері: қазақ және орыс тілдері;

  • Қатысу тек команда құрамында мүмкін;

  • Барлық материалдар тек электронды форматта қабылданады.

Өтінімдер мен бейнематериалдарды жолдау үшін электрондық пошта: Sht.conference@gmail.com

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок