AlmaU командасы Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген үздік студенттік командалар қатысқан беделді University Chess Cup турнирінде құрметті екінші орынды иеленді. Жарысқа 34 университеттің өкілдері қатысты.
Турнир өте тартысты өтті: біздің студенттер жарыс бойы көшбасшылықты сақтап, тек қосымша көрсеткіштер бойынша ғана бірінші орынды босатты. Бұл — үлкен жетістік және мақтануға тұрарлық нәтиже!
AlmaU командасының құрамы:
- Бижигитов Жангир – 3 курс, Экономика және қаржы мектебі
- Айнақұл Мұхтар – 1 курс, Саясат және құқық мектебі
- Михеева Диана – 1 курс, Саясат және құқық мектебі
- Алимбетов Диас – 1 курс, Менеджмент мектебі
«Толық Адам» философиясына сәйкес AlmaU тек кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен қатар логикалық ойлау, зейін, стратегиялық көзқарас және салмақты шешім қабылдау қабілеті сияқты интеллектуалдық қасиеттерді де дамытуға ұмтылады. Бұл мақсаттарға шахмат спорты толық сәйкес келеді, өйткені ол когнитивті қабілеттерді, шыдамдылықты және уақыт шектеулі жағдайларда талдау жасау дағдысын дамытады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және интеллектуалды жарыстарда жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз!