Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Студенттер Жас логистер форумы – Youth Logistics Forum 2025 байқауында құрметті екінші орынды иеленді

04.04.2025

Менеджмент мектебінің «Логистика» білім беру бағдарламасы командасы 2025 жылдың 2-3 сәуір аралығында Астана қаласында, Coventry University Kazakhstan базасында өткен Жас логистер форумы – Youth Logistics Forum 2025 байқауында құрметті екінші орынды иеленді.

Next Generation 2025 атты Жас логистер форумы 100-ден астам қатысушы мен 11 жоғары оқу орнының студенттерін біріктірді. Олардың қатарында Орталық Азияның үш елінен – Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келген командалар да болды.

Форумның бірінші күні, 2 сәуірде, «Логистика» білім беру бағдарламасы студенттері арасында екі кезеңнен тұратын байқау өткізілді: бірінші кезеңде қатысушылар логистикалық кейстерді шешті, ал екінші кезеңде зияткерлік викторинадан өтті. Жеңімпаздар екі кезеңнің нәтижесі бойынша анықталды. ALMAU командасы байқау қорытындысы бойынша ІІ орынға ие болды. Үшінші курс студенттерінен құралған «Логистика» командасының құрамында: Қайсарбек Қоснижан, Махаматалиева Мадина және Тлеукабылова Дамила болды. Команданың ғылыми жетекшілері – Менеджмент мектебінің оқытушылары Үмірзақова Д.К. мен Уәлиева А.Б.

Форумның екінші күні – 3 сәуірде – қатысушылар үшін Астана қаласындағы логистикалық нысандарға экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар «Қазпошта» АҚ және «OZON» сынды екі ірі логистикалық орталыққа барды. Студенттер мен оқытушыларға ішкі логистикалық үдерістер туралы ақпарат ұсынылып, нысандар бойынша таныстырылым экскурсиясы өткізілді.

Менеджмент мектебі Жас логистер форумы – Youth Logistics Forum 2025-ке белсенді қатысқан барлық студенттерге алғыс білдіреді. Студенттер мен олардың ғылыми жетекшілерін байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз!

Командамызды шын жүректен құттықтаймыз және интеллектуалдық сайыстарда жаңа жеңістер тілейміз!

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок