2025 жылдың 29 сәуірінде AlmaU университетінің түлектердің «Маңсап дамыту» орталығы ұйымдастырған маңсап жәрмеңкесі аясында студенттер мен түлектер үшін еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Алматыдағы AlmaU кампусында өткен шараға әртүрлі салалардан 40-тан астам компания қатысты. Олардың қатарында «Үлкен төрттік» компаниялары EY мен PwC, қаржылық құрылымдар – «Halyk Finance» акционерлік қоғамы, мейрамхана-қонақ үй бизнесінің өкілдері, логистикалық компаниялар және мемлекеттік мекемелер бар. Әрбір қатысушы ұйым өздерінің тағылымдама бағдарламаларын, вакансияларын және мансап мүмкіндіктерін ұсынды.
Almaty Management University (AlmaU) студенттерін еңбек нарығына даярлау жолында жаңа мүмкіндіктер ұсынуды мақсат етеді. Университеттің бірегей бастамаларының бірі – студенттерге жұмысқа орналасу жолында қолдау көрсету мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын маңсап жәрмеңкесі. Іс-шара барысында студенттер түрлі компаниялардың өкілдерімен танысып, болашақ мансап жолдарын таңдауда құнды кеңестер алды.
Ақпараттық анықтама:
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметтері бойынша, AlmaU түлектерінің орташа есеппен 83%-ы өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасып, университеттің білім беру бағдарламаларының жоғары тиімділігін дәлелдейді.
Жәрмеңке студенттерге еңбек нарығының қазіргі жағдайымен танысып, жетекші жұмыс берушілердің ұсыныстарын бағалауға және кәсіби даму траекториясын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік берді.
Осы ретте, іс-шара студенттердің өз әлеуетін танытуына, өз мүмкіндіктерін ашуына жол салды.
«Маңсап жәрмеңкесіне қатысу мен үшін пайдалы тәжірибе болды. Мен New Media бағдарламасы бойынша оқып жатырмын және редакциялардың жұмысын және осы саладағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы көбірек білгім келді», – дейді AlmaU студенті.
Жұмыс берушілер де AlmaU студенттерінің білім деңгейіне жоғары баға береді. Мысалы, «Halyk Finance» акционерлік қоғамының HR-менеджері Жанна Орынбаева университет түлектерінің кәсіби біліктілігі мен білімдерін тиімді пайдаланатынын атап өтті. Сонымен қатар, оның айтуынша, компанияда 2023 жылғы AlmaU түлегі жұмыс істеп жатыр, бұл өз кезегінде университеттің білім беру сапасын растайды.
Mars Kazakhstan компаниясының персоналды таңдау менеджері Артур өзінің кандидаттарды іріктеу критерийлерімен бөлісті:
«Алдымен біз кандидаттың жеке мотивациясы мен амбицияларына назар аударамыз. Кәсіби тұрғыда не қол жеткізгісі келетінін нақты түсіну өте маңызды. Мақсаткерлік пен мансап жолын нақты қою – бүгінгі таңда ең бағалы қасиеттердің бірі. Сонымен қатар, ағылшын тілін білу және Excel, PowerPoint сияқты құралдарды меңгеру корпоративтік ортада тиімді жұмыс істеу үшін маңызды артықшылық».
Компаниялар студенттер мен түлектерге арналған тағылымдама бағдарламаларын да таныстырды. Мысалы, JTI өкілдері студенттер мен түлектер үшін «Make it Bright» бағдарламасын ұсынды. Бұл алты айлық, төленетін бағдарлама маркетинг, логистика және қаржы саласында қызығушылық танытатын жастарға арналған. Компания өкілдері бұл бағдарламаның халықаралық нарыққа бағытталғанын және болашақ лидерлерді дамытуға арналғанын мәлімдеді.
Жәрмеңке аясында студенттер үшін шеберлік сыныптары да ұйымдастырылды. Бизнес-қоғамдастық өкілдері Бейбарыс Искак студенттерге резюме жазу туралы кеңестер берсе, Олег Парахин «Ізденушінің 13 қателігі» туралы сөз қозғады.
AlmaU осындай іс-шараларды ұйымдастыру арқылы мансап жоспарлауды ерте бастау қажеттігін көрсетеді. Студенттер алғашқы курстардан бастап кәсіби бағытты саналы түрде таңдап, сала талаптарын түсініп, өз мақсаттарына жету үшін нақты қадамдар жасауы тиіс.