Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

IX Студенттік «24/7» олимпиада қорытындылары: туризм және қонақжайлылық саласындағы үздік жобалар

22.05.2025

21 мамыр 2025 жылы Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) Қонақжайлылық және туризм мектебінде «24/7» атты IX Студенттік олимпиадасы жоғарғы деңгейде  өтті.  Бұл шара «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» және «Туризм» білім беру бағдарламаларының студенттерін біріктіріп, олардың кәсіби дағдылары мен шығармашылық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік берді.

Олимпиаданың негізгі тақырыбы – «Туризм және қонақжайлылық болашағы: цифрлық технологиялар және тұрақты даму» болды. Олимпиада шарттары бойынша білімгерлерге теориялық білімдерін ғана емес, сонымен қатар инновациялық шешімдер мен жобаларды ұсыну міндеті қойылды. Әр команда өз жобасында сандық қызметтерді енгізу, тұрақты туризмді дамыту және қонақжайлылық саласында клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсету бағытында тың идеялар ұсынды.

Олимпиадаға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарынан 8 команда қатысты:

  • Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы қ.) – Warmix командасы
  • Алматы технологиялық университеті (Алматы қ.) – HospiVerse және ATU Travel командалары
  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ.) – NOMADIKA командасы
  • М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент) – LocalSoul және BlockPortal командалары
  • Еуразия технологиялық университеті (Алматы қ.) – ETU SMART командасы
  • Almaty Management University (AlmaU) – SmartStaf командасы

Әр команда өз жобаларында саладағы қазіргі трендтерді ескере отырып, жүйелі ойлау, экологиялық жауапкершілік және цифрлық трансформацияға бейімделу қабілеттерін көрсетті.

 

🏆 Олимпиаданың қорытындылары

Қазылар алқасы олимпиаданың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, келесі ұсыныстарды енгізді:

  • Олимпиаданың тақырыптары мен номинацияларын кеңейту;
  • Әр түрлі аймақтардан студенттердің қатысуын арттыру;
  • Командалар мен оқытушылар арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

  • I орын – SmartSta командасыf, Almaty Management University (Алматы)
    Жоба: Виртуалды қонақ үй, жасанды интеллект пен ESG стандарттарын интеграциялау арқылы жеке клиенттік тәжірибе ұсыну.
  • II орын NOMADIKA, Л.Н. Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университеті (Астана)
    Жоба: Қазақстанның аймақтарында тұрақты туризмді дамыту, мәдени шынайылық пен цифрлық навигацияға баса назар аудару.
  • III орын (екі команда бөлісті):
    • BlockPortal, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент)
      Жоба; Цифрлық тур өнімдерін визуализациялау мен қонақ үй қызметін жаңа ұрпақ клиенттерінің сұраныстарына бейімдеу.
    • ATU Travel, Алматы технологиялық университеті (Алматы)
      Жоба: Қонақжайлылық саласында цифрлық шешімдерді енгізу арқылы қызмет көрсету сапасын арттыру.

Олимпиаданың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан Қонақжайлылық және туризм мектебінің оқытушыларына, ғылыми жетекшілерге және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Бұл шара студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға және қонақжайлылық саланың болашағына үлес қосуға бағытталған маңызды қадам болды.

IX «24/7» олимпиадасы Қазақстан жастарының әлеуетін көрсетіп, қонақжайлылық пен туризм саласының болашағына деген сенімді арттырды. Біз болашақта да осындай білім беру және кәсіби шараларды өткізуге дайынбыз.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок