Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

«Медиация» пәні бойынша іскерлік ойын: татуластыру рәсімдерін тәжірибеде қолдану

04.06.2025

2025 жылдың 4 маусымында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының бакалавриат 1-курс және ТжКБ 2-курс студенттері «Медиация» пәні бойынша «Сотқа дейінгі медиация аясындағы дауларды шешу тәсілдері» тақырыбында өткен іскерлік ойынға қатысты.

Іс-шара барысында студенттер командаларға бөлініп, дауларды сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы шешуге арналған нақты жағдайларды талдауға негізделген топтық жобаларын ұсынды. Ойынға қатысушылар медиатор, дауласушы тараптар және медиацияға тартылған үшінші тұлғалар рөлдерін өзара бөлісті.

Осындай форматтағы оқыту болашақ заңгерлерге теориялық білімді бекітіп, сотқа жүгінбей-ақ тараптардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған дауларды баламалы шешу саласындағы практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

📌 Жауапты тұлға:
Саясат және құқық мектебінің ассистент-профессоры – Талапова Г.Т

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок