2025 жылдың 18 маусымында Almaty Management University-де «Тұрақты болашақты қамтамасыз ету: Қарусыздану, Денсаулық сақтау және турбулентті уақытта бейбітшілікті сақтау» тақырыбында II AlmaU Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі өтті.
Ашылу салтанатында AlmaU саясат және құқық мектебінің деканы Мадина Есіркепова құттықтау сөзін сөйледі:
«Саясат және құқық мектебінің деканы болып келгенімде, мен бірінші сұхбатымда халықаралық қатынастар студенттерімен бірге БҰҰ моделін жүзеге асыратынымызды айтқан болатынмын. Енді, міне, екі жыл өткен соң, біз осында – AlmaU-дан екінші БҰҰ Модельінде жиналдық. Біздің мектептің бастамасымен қолға алынған идея іс жүзінде жүзеге асты. Біз алға жылжып келеміз, ал сіздер кәсіби болашағыңызға қажетті дағдыларды меңгеріп жатырсыз» , – деді Мадина ханым.
Қатысушылар алдында БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі, БҰҰ Ақпараттық бюросының Қазақстан Республикасындағы басшысы Властимил Самек де сөз сөйледі:
«Жарияланған тақырып өте күрделі. Дегенмен бүгінгі талқылаулар барысында сіздер тиімді шешімдер бар екенін көрсете аласыздар деп үміттенемін. Бұл сіздің интеллектуалдық әлеуетіңізді растауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, сіз біздің әлемнің болашағысыздар. Бүгін біз тұрақты даму мәселелеріне назар аударып отырмыз» , – деді ол.
БҰҰ моделі студенттердің аналитикалық және сыни ойлауын, көпшілік алдында сөйлеу және келіссөздер жүргізу дағдыларын және дипломатиялық құзыреттілігін дамытуға бағытталған білім беру бастамасы ретінде ұйымдастырылды. Үш панельдік сессияда студенттер әртүрлі елдерден келген делегаттар ретінде әрекет етті, БҰҰ органдарының қызметін модельдеді және халықаралық қауымдастық алдында тұрған өзекті мәселелерді талдады. Панельдік сессиялардың тақырыптары:
- Жаһандық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау жөніндегі күш-жігер
- Халықаралық қақтығыстардың зардап шеккен аймақтардағы денсаулық сақтау жүйелеріне әсері
- БҰҰ бітімгершілік операцияларына сенім мен тұрақтылықты нығайту факторы ретінде қатысу
Кейбір студенттер өздерінің презентациялары барысында қазылар алқаларын таң қалдырды – бұл костюмдер, ұлттық рәміздер элементтері немесе елдің тілінде жұмыстарын қорғап шықты. Мұндай шығармашылық шешімдер назардан тыс қалмады және қазылар алқасының мүшелері арасында шынайы жағымды эмоциялар тудырды. Түпнұсқалық әрқашан өзіне назар аудартады, және бүгін қатысушылар делегацияларды ұсынып қана қоймай, шын мәнінде өз елдерінің елшісі ретінде сезінді.
Сессиялардың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
Секция 1:
1 орын- Абенов Данияр
2 орын- Турсынбай Арнур
3 орын- Потураева Маргарита
Секция 2:
1 орын- Зарина Ещанова
2 орын- Елгезек Муза
3 орын- Түгелбай Інжу
Секция 3:
1 орын- Шакиров Арлан
2 орын- Тенесбаева Сара
3 орын- Ахметбек Асанәлі
Барлық қатысушыларды және жеңімпаздарды сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Бүгінгі презентациялар студенттеріміздің халықаралық қатынастарды меңгергенін, аналитикалық ойлай алатынын, эмпатия көрсете алатынын, дипломатиялық диалог жүргізе алатынын және мәдени айырмашылықтарды құрметтейтінін растады.