Almaty Management University (AlmaU) білім беру саласындағы көшбасшылық позициясын нығайта түсуде.
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) дайындаған Қазақстанның жетекші гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі қорытындысы бойынша AlmaU елімізде 1-орынды иеленіп, жалпы 60,6 балл жинады. Оның ішінде 44,83 балл университеттің академиялық қызметі мен түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелеріне берілді.
ақпарат көзі: Білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA)
Аталмыш рейтинг жан-жақты болып табылады және оқу іс-әрекетін, студенттердің оқу іс-әрекетінің көрсеткіштерін, профессорлық-оқытушылық құрамның жұмысын, ғылыми-инновациялық жобаларды, халықаралық ынтымақтастықты, ақпараттық қолдауды, түлектердің жұмысқа орналасу нәтижелерін, сондай-ақ университеттің жұмыс берушілер арасындағы беделін және тәуелсіз сарапшылардың, студенттер мен түлектердің пікірін бағалауды қамтиды.
Еске салсақ, бұған дейін AlmaU- дың бірқатар білім беру бағдарламалары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингі бойынша үздіктер қатарына қосылды, ал университеттің өзі студенттердің халықаралық академиялық алмасуы бойынша бірінші және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша көшбасшылардың бірі болды.
AlmaU жетістіктері халықаралық деңгейде де мойындалуда: университет FIBAA, AMBA, BGA, CEEMAN IQA, IQAA (НАОКО) секілді беделді ұйымдардың аккредитацияларына және ACCA мен IPMA сертификаттарына ие болды. Бұл нәтиже AlmaU-дың әлемдік білім беру сапа стандарттарына толық сай екенін дәлелдейді.
Бұл жетістік – университеттің жүйелі жұмысының, оқытушылар құрамының кәсібилігінің, студенттердің белсенділігінің және AlmaU-дың стратегиялық даму бағытының нақты нәтижесі.