Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU Graduation 2025: Қазақстанның №1 университеті 1500 сертификатталған жаңа буынның кәсіби мамандарын шығарды

03.07.2025

2025 жылғы 26-27 маусым күндері Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында AlmaU университетінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Бұл күн – түлектердің ғана емес, бүкіл AlmaU қауымдастығы үшін ерекше, тарихи сәтке айналды.

Биыл AlmaU 1500-ге жуық түлекке – бакалавр, магистратура және докторантура деңгейлерін аяқтаған жас мамандарға – диплом табыстады. Арасында жаңа үшжылдық білім беру моделі бойынша алғашқы түлектер де бар.

2025 жыл AlmaU үшін академиялық тұрғыдан да маңызды белес болды. Университет еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін жаңа білім беру бағдарламалары бойынша алғашқы түлектерін ұшырды. Олардың қатарында: Digital Filmmaking, New Media, Software Engineering, Data Science және Product Management бағыттары бар. Бұл бағдарламалар жаңартылған әрі икемді оқу моделінің бір бөлігіне айналып, AlmaU-дың еңбек нарығына бейімделген оқыту жүйесін көрсетті.

Салтанатты кештің атмосферасы ерекше болды: бітіруші мантиялар, классикалық музыка, гүлдердің хош иісі, алғыс пен мақтанышқа толы жүрекжарды сөздер. AlmaU басшылығы, профессорлар, ата-аналар мен серіктестер түлектердің қуанышын бірге бөлісті. Үздік студенттер мен оқытушылардың сөздері білімнің, тәлімнің және қауымдастықтың маңызын тағы бір мәрте еске салды.

Университет президенті және ректоры Асылбек Кожахметов салтанатты кеште ата-аналар мен түлектерге жүрекжарды үндеу арнады:
«Құрметті ата-аналар! Сіздер балаларыңызға тек білім ғана емес, адам болудың мәнін үйреттіңіздер. Бұл кезеңдегі миссияларыңызды абыроймен орындадыңыздар. Қымбатты түлектер! Бүгіннен бастап өмір жолындағы жауапкершілік толығымен өз қолдарыңызда. Ата-аналарыңыз сіздерге бәрін берді. AlmaU – ойлау жүйесі мен құралдарды ұсынды. Енді бәрі сіздердің қолдарыңызда!»

Түлектер үшін бұл күн – өмірдің жаңа белесіне жол ашқан тарихи сәт. Алда кәсіби шыңдар, мансап жолындағы алғашқы қадамдар мен жаңа мүмкіндіктер тұр. Алайда достық, студенттік шақтағы естеліктер мен AlmaU-дың қолдауы әрдайым олардың жанында болмақ.

Университет өз түлектеріне алғысын білдіріп, жарқын болашақ, сенім мен табыс тілейді. Жылдар бойы жинақталған білім мен тәжірибе, университет қабырғасында орнаған байланыстар болашақтағы үлкен жетістіктерге берік негіз боларына сенім мол.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок