2025 жылдың 4 шілдесінде AlmaU – да Кәсіпкерлік және инновациялар мектебінде дәстүрлі Rocket Pitch байқауы өтті. Байқауға «Кәсіпкерлік бағытындағы бизнес-әкімшілендіру» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері қатысты.
Rocket Pitch – студенттердің бір жылдық оқу нәтижелерін көрсететін маңызды платформа. Оқу жылы бойы олар өз бизнес-жобаларын идеядан бастап қорытынды презентацияға дейін дамыту кезеңдерінен өткізді. Білім беру үдерісі теориялық білім алумен қатар, нарықты зерттеу, гипотезаларды тексеру, командада жұмыс істеу және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын қамтыды.
Байқаудың финалы – бұл студенттердің жобаларын қорғау және оларды үш негізгі бағыт бойынша кешенді бағалау:
- Академиялық үлгерім – оқу пәндері бойынша жетістіктер, олимпиадалар мен конкурстарға қатысу;
- Жеке даму – университеттік және сыртқы іс-шараларға қатысу, волонтерлік қызмет, өз тәжірибесін сараптау қабілеті;
- Кәсіпкерлік көзқарас – жобаның логикасын құру, нарық қажеттіліктерін түсіну және практикалық шешімдер ұсыну қабілеті.
Биылғы жылы 50-ден астам студент өз жобаларын бес лигада ұсынды. Жобаларды тәуелсіз сарапшылар – бизнес, стартап-экожүйе, білім беру саласы өкілдері және Кәсіпкерлік мектебінің түлектері бағалады.
Rocket Pitch 2025 жеңімпаздары:
1-лига – Дүйсенова Алия
2-лига – Зере Тимерланова және Саида Латыпаева
3-лига – Ярослав Степаненко
4-лига – Шклярук Веста
5-лига – Нәсіпбай Алина
Барлық жеңімпаздар Dean’s List тізіміне енді және Кәсіпкерлік және инновациялар мектебінің қосымша мүмкіндіктеріне қол жеткізеді.
Rocket Pitch байқауына бірінші курстан бастап қатысу студенттерге оқу кезеңінің басында-ақ құнды тәжірибе береді. Олар нақты жобалармен жұмыс істеуді үйренеді, нарықты талдайды, шешім қабылдайды және өз идеяларын негіздеп қорғай біледі. Сыртқы сарапшылар алдында сөз сөйлеу студенттерге кәсіби кері байланыс алып, өз көзқарасын сенімді қорғау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді. Бұл тәжірибе студенттерді одан әрі дамуға ынталандырып, кәсіби әлемнің нақты жұмыс принциптерін түсінуге мүмкіндік береді.