Университетте студенттердің оқу үдерісі мен кампустағы инфрақұрылымына қанағаттанушылығын бағалауға арналған зерттеу аяқталды. Зерттеу нәтижелері талданып, шешім қабылдау үшін университет басшылығына ұсынылды.
Биыл студенттердің оқу сапасын мен қызметтерді бағалау үрдісіне белсенді қатысуы айтарлықтай артқанын хабарлай аламыз. Сауалнамаға қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір өскені студенттер үшін өз пікірлерінің ескерілгені және университет ортасын дамытуға қатысуының маңызын көрсетеді.
Нәтижелерді талқылай келе, студенттер арасында сапаға қанағаттану деңгейінде оң динамика байқалатыны анықталды, оның ішінгде студенттер оқу үдерісінің сапасы, инфрақұрылымның қолжетімділігі және университет қызметтерімен өзара әрекеттесу жағынан жасалған жақсартуларды жоғары бағалаған.
Университет үшін зерттеу барысында студенттер жазған ашық пікірлердің құндылығы жоғары. Олар инфрақұрылымды дамыту және жаңарту, IT-қызметтердің тиімділігі, оқу форматтарының икемділігі, ақпараттандыру деңгейін арттыру, Эдвайзинг орталығының жұмысы, цифрландыру және білім беру бағдарламаларын жетілдіру сияқты маңызды мәселелерді қамтыған. Нәтижесінде басшылық тарапынан барлық ұсыныстар мұқият қаралып, құрылымдық бөлімдер әзірлеген іс-қимыл жоспарлары (action plans) аясында нақты шаралар құжаты дайындалды.
Сонымен қатар, зерттеу соңында декандар мен студенттер арасында ашық форматтағы кездесулер өтті. Кездесу барысында сауалнама нәтижелері егжей-тегжей талқыланып, оқу жағдайларын жақсарту бойынша алдағы қадамдар ұсынылды.
Университет ашықтық, серіктестік және үздіксіз даму қағидаттарына негізделген студенттермен өзара әрекеттесудің тұрақты жүйесін қалыптастыруды жалғастыруда. Болашақта жаңа бастамаларды іске асыру, өзгерістерді тұрақты түрде бақылау және диалогтың қосымша арналарын іске қосуды жоспарлаймыз. Біз университет болашағы студенттермен бірлесіп құрылады деп сенеміз және университет барлығымыз білім алып, дамуға және әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орта екенін ұмытпаймыз.