AlmaU университеті түрлі бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларын ұсынады. Бұл әрбір талапкерге өзінің академиялық қызығушылықтарына, қабылдау емтихандарының нәтижелеріне және оқу тіліне қарай жеке білім траекториясын таңдауға мүмкіндік береді.
Университеттің білім беру сапасы ұлттық және халықаралық деңгейде мойындалған. 2025 жылы AlmaU Қазақстанның білім сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі тәуелсіз агенттігі (БСҚТА) жасаған ұлттық рейтинг бойынша еліміздегі жетекші гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орны атанды. Сонымен қатар AlmaU алғаш рет халықаралық QS Stars жүйесіне қатысып, бірден 4 жұлдыз иеленді — бұл жаһандық сарапшылар тарапынан берілетін жоғары баға.
AlmaU дамуының маңызды бағыты – халықаралық серіктестік. Студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу, шетелдік университеттерде тәжірибеден өту, сондай-ақ қос дипломды білім беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері қарастырылған.
AlmaU қабылдау комиссиясы сіздерді Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 227, мекенжайында күтеді. Мемлекеттік грантқа құжат қабылдау кезеңінде комиссия күн сайын, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, демалыссыз жұмыс істейді.
Университеттің коды – 083
Қосымша ақпарат алу үшін контактілер:
+7 775 006 16 06
+7 771 552 78 61 (WhatsApp)
Email: admission@almau.edu.kz