AlmaU университеті магистратураға түсушілерге арналған «MegaMasters» олимпиадасының басталғанын жариялайды. Жеңімпаздар Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – AlmaU – да оқуға 50% немесе 100% грант ұтып ала алады.
Олимпиаданың өткізілу кезеңдері
1 тур – Өтініш беру
Мерзімі: 07.08.2025 – 18.08.2025 (сағат 18:00-ге дейін)
Қатысушылар сауалнама толтырып, магистратураның білім беру бағдарламасын таңдап, оқуға деген мотивациясын қысқаша сипаттауы қажет.
2 тур – Онлайн-сұхбат
Мерзімі: 19.08.2025 – 20.08.2025
Формат: конкурстық комиссия өкілдерімен қысқа сұхбат.
Негізгі назар – үміткердің мотивациясы мен мансаптық мақсаттарына аударылады.
AlmaU магистратурасының артықшылықтары
- Кәсіби қызметпен қатар алып жүруге болатын гибридті оқу форматы
- AlmaU – IQAA (2025) нұсқасы бойынша Қазақстандағы №1 университет
- Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі
- QS Stars (2025) рейтингісінің үздіктер қатарында
- Оқытушылар құрамы – тәжірибелі мамандар мен кәсіби практиктер
- Халықаралық студенттер алмасуы бойынша көшбасшы (2025)
1 тур қазір ашық!
Қатысу үшін өтініш формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеп, келесі сұраққа жауап беру қажет: неліктен сіз магистратурада оқуды жалғастыруды шештіңіз?
https://almau4u.kz/megamasters