Ұлы ғалым, саяхатшы және ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай қазақ даласының ұлы перзенті жүріп өткен бағыттармен ерекше халықаралық экспедиция өтті.
Экспедицияның ұйымдастырушылары – Turan TV телеарнасы мен Almaty Management University (AlmaU), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі.
Экспедиция маршруты Шоқан Уәлихановтың тарихи сапарларындағы негізгі нүктелерді қамтыды: Ош жазығы, Торугарт асуы, Қашғария, Хотан және ғалым барған басқа да қалалар. Қатысушылар ғалымның жолын қайталап қана қоймай, оның дәуірінің мәдени және тарихи контекстіне терең бойлады.
Экспедицияға қатысқандар:
-
Роман Ботабеков, Turan TV телеарнасының бас директоры;
-
Асылбек Қожахметов, AlmaU негізін қалаушы әрі ректоры;
-
Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Ұлттық музейінің директоры;
-
Исламжан Иминов, жазушы, Ш. Уәлиханов мұрасын зерттеуші.
Он күнге созылған бұл сапар Шоқан Уәлихановтың ғылым, мәдениет және халықаралық байланыстардың дамуына қосқан үлесін айқындаған маңызды мәдени әрі зияткерлік оқиға болды. Сонымен қатар, ол жас ұрпақты ғылыми ізденістерге, мәдениетаралық сұхбат пен зерттеу жұмыстарына шабыттандырды.