Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

2025 жылғы докторантураға түскен мемлекеттік грант иегерлерін құттықтаймыз

26.08.2025

Almaty Management University (AlmaU) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде докторантураға оқуға түскен тұлғаларды құттықтайды:

  1. Тагиев Булат Абенович – DO72 «Менеджмент және басқару»

  2. Адилова Жадыра Адиловна  – DO74 «Қаржы, банк ісі және сақтандыру»

  3. Кашиков Хамит Габиденович  – DO74 «Қаржы, банк ісі және сақтандыру»

  4. Бекенова Гульсанат – DO75 «Маркетинг және жарнама»

Докторантура – бұл ғылыми жолдағы маңызды кезең, ол зерттеу құзыреттерін дамытуға, жаңа ғылыми жобаларды жүзеге асыруға кең мүмкіндіктер ашады. Болашақ зерттеушілерден жоғары дайындықты талап ететін бұл деңгей жаңа академиялық нәтижелер қалыптастыруға негіз болады.

Біз докторанттарымыздың ғылыми ізденістері мен жобалары Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосып, оның халықаралық деңгейдегі беделін нығайтуға және жаңа буын ғалымдарын даярлауға септігін тигізетініне сенімдіміз. Өз кезегінде AlmaU академиялық және кәсіби өсімге қажетті барлық жағдайды жасап, жан-жақты қолдау көрсетеді.

Естеріңізге саламыз: қабылдау процесстерін толық аяқтау үшін грант иегерлері 2025 жылдың 28 тамызынан кешіктірмей AlmaU қабылдау комиссиясына жүгінуі қажет!

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок