Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU Қытайдың жетекші университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

05.09.2025

2025 жылғы 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Бейжіңде Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің VIII отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Президенті және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсян қатысты.  

Кеңес шеңберінде жалпы құны 15 миллиард АҚШ долларын құрайтын бірқатар келісімдерге қол қойылды. Олар екіжақты ынтымақтастықтың энергетика, логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым сияқты негізгі бағыттарын қамтыды.

Академиялық және ғылыми ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің белсенді жұмысы мен стратегиялық қолдауының арқасында Қазақстан мен Қытай университеттері арасында 20-дан астам келісім-шарттар жасалды. Солардың ішінде – Almaty Management University (AlmaU) және Қытайдың жетекші ғылыми жоғары оқу орындарының бірі University of Science and Technology of China арасындағы келісім.

Құжат тараптардың өзара ынтымақтастығын дамытуды, академиялық ұтқырлықты кеңейтуді, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруды, сондай-ақ студенттер мен оқытушыларға тағылымдамалар мен тәжірибеден өту мүмкіндіктерін ұйымдастыруды көздейді.

Шараға Қазақстан мен Қытайдың 500-ден астам мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында Қытайдың 70-тен астам ірі корпорацияларының басшылары болды.

Кеңес отырысында AlmaU-дың атынан университет ректоры әрі негізін қалаушысы Асылбек Қожахметов, сондай-ақ ғаламдық серіктестіктер жөніндегі проректор Шолпан Тазабек қатысты. Іс-шарада жасыл экономика, тұрақты даму, энергетика және жаңа логистикалық және өндірістік тізбектерді қалыптастыру сияқты тақырыптар талқыланды.

Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі 2013 жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қытайдың халықаралық сауданы ілгерілету комитетінің бастамасымен жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде Кеңес екі елдің экономикалық және инвестициялық байланыстарын нығайтудың маңызды құралына айналды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок