AlmaU Урбанистика институты 2025 жылы Италияның Реджо-Эмилия қаласында өткен Placemaking Week Europe халықаралық конференциясына қатысты. Институт сарапшылары «Connected Journeys: Rethinking Mobility Across Scales» атты воркшоп өткізіп, Милан мен Алматы қалаларының екі түрлі урбанистік контекстін біріктірді.
Lombardini22 компаниясымен бірлесіп, мамандар қалалардың орнықты мобильділік бойынша жаһандық сын-қатерлерге жергілікті жағдайды, мәдениетті және экономиканы ескере отырып қалай жауап бере алатынын талқылады. Сессия қатысушылары Италияның қалалық дамудағы стратегияларымен және практикалық кейстерімен танысты.
Институт урбанистикасы Green and Safe Streets жобасын таныстырды. Тактикалық урбанизм қағидаттарына негізделген бұл жоба уақытша әрі шағын өзгерістер арқылы көшелердің тұрғындарға қауіпсіз, жасыл және қолайлы бола алатынын көрсетті. Қатысушылар әртүрлі тәсілдерді салыстырып, ортақ тұстарды іздестірді және мобильділік пен қоғамдық кеңістікті жобалаудағы инновациялардың әр қала жағдайына бейімделу жолдарын талқылады.
Институт Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасына, ШЖҚ «Алматы паркинг» КМК – ға және Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімдігіне Green and Safe Streets жобасының бастамасын қолдағаны үшін алғыс білдіреді.
Бұған дейін Урбанистика институты осы жобаны Қытайда өткен Tomorrow City Shanghai халықаралық форумында таныстырып, Green and Safe Streets жобасы жеңіске жеткен болатын.